» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары
Сабақ тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 5Т/А1. Болжау: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпқа болжам жасайды, тыңдалым бойынша негізгі ақпараттарды анықтайды.
Көптеген оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпқа болжам жасайды, тыңдалым бойынша негізгі ақпараттарды анықтап, айтылымда қолданады.
Кейбір оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпты болжайды, тыңдалым бойынша анықтаған негізгі ақпараттарын тақырыпты дамыту үшін тиімді қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Галереяда ой шарлау»
Оқушылар сынып қабырғаларына, тақтаға ілінген суреттер арқылы тарауға, бүгінгі тақырыпқа болжам, «Аспан әлемі» тіркесіне ассоциация жасайды.
(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушылар атаған тірек сөздер негізінде кластерді толтырып жазып тұрады.)
Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийімен таныстырады.
Мағынаны тану кезеңі
Тыңдалым/ айтылымалды кезең
«Карусель». Жұптағы әңгіме
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Ғарыш деген не? Қандай қызықты ақпарат білесіз?
2. Аспан әлемі туралы не білесіз?
3. Галактика дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қандай аспан денелерін білесіңдер?
5. Жұлдыздар деген не? Шоқжұлдыз деп нені айтады?
6. Жұлдыздар неге кішкентай болып көрінеді?
Тыңдалым тапсырмасы:
Оқушылар аудиомәтін тыңдайды.Тыңдау барысында қажетті ақпараттарды «сөз бұлтына» жазып отыраады.
Тапсырма: тыңдалым мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін мазмұны бойынша маңызды тірек сөздерді және маңызды бір ақпаратты берілген сызбаға жазып отырыңыз.
Тыңдалым мәтіні
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді. Шынында да, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері, планеталар, айналып жүреді. Грекше «планета» – адасушы жұлдыз деген сөз.
Ғаламшарлар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Ғаламшарлардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.
Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден-ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю. А. Гагарин.
Айтылым тапсырмасы
1-тапсырма: ЖЖ
Тыңдалым барысында «Сөз бұлттарына» жазып алған ақпараттарды қолданып, мәтіннің тақырыбы, идеясы, мазмұнына толық талдау жасап, жұбыңызбен сұхбаттасыңыз.
Үлгі сұрақтар:
Жұлдыз деген не? Ғаламшардың жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?
Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
Ғарыштан алынған ақпараттардың адамдар үшін / шаруашылық үшін қандай маңызы бар?......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 12 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Аспан әлемінің құпиялары 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Аспан әлемінің құпиялары, сабақ жоспары Аспан әлемінің құпиялары 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Аспан әлемінің құпиялары, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып, IV тоқсан )