№ 1 сабақ Жануарлар әлемі (5 сынып, II тоқсан )

 № 1 сабақ Жануарлар әлемі (5 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тлі
Бөлім атауы: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Сабақтың тақырыбы: № 1 сабақ. Жануарлар әлемі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А1 Болжау Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
ӘТН 4.2; Грамматикалық норма Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: 1) Тақырыпты иллюстрациялар арқылы болжайды;
2) Мәтіннен зат есім сөздерді табады.
Көптеген оқушылар: 1) Болжауда тірек сөздерді қолданады;
2) Зат есімдерді түрлендіре қолданады.
Кейбір оқушылар: 1) Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді;
2) Зат есімнің түрленуіне түсінік береді, ереже шығарады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
1. Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
2. Бейнематериал тамашалау. (2 мин 30 сек)
3. - Ал сіздер қаншалықты жануарларды жақсы білесіздер? (5-6 жұмбақ шешу)
4. Сабақтың тақырыбын болжау.
5. Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
Мағынаны тану
Тыңдалымалды тапсырмасы:
Берілген жануарлардың, аңдардың, құстардың төлдерінің суреттері, тірек сөздер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.
Топтасу. Ортаға үш оқушы шығады. Тілімше қағаз суыру арқылы топ аты анықталады. (Мысалы: «Қонжық», «Бота», «Мөлдір»). Олар кезекпен бір-бірден өз тобына «төл» жинайды.
Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмалары таратылады.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
Тапсырма. Суреттерде берілген жануарлар мен аңдар, құстар туралы зерттеу кестесін толтырыңыздар. Берілген тірек сөздерді пайдаланыңыздар: үй жануарлары, түз тағысы, жыртқыш, төл атаулары - абылай, алан, бөлтірік, марғау, көгілдір, баршын, құралай, еңлік.
Бағалау критерийі:
Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады.
Зерттеу кестесі
1-топ
Жануарлар мен құстар Қай жерді мекен етеді? Қалай қоректенеді Төлдері қалай аталады?
Аю
мысық
2-топ
Жануарлар мен құстар Қай жерді мекен етеді? Қалай қоректенеді Төлдері қалай аталады?
Аққу
жолбарыс
3-топ
Жануарлар мен құстар Қай жерді мекен етеді? Қалай қоректенеді Төлдері қалай аталады?
қасқыр
қыран
«2 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясы арқылы топ арасында бағалау.
Тыңдалым тапсырмасы
«Жануарлар мен аңдардың төл атаулары» видеомәтінін тыңдай отырып, зерттеу кестесіне өзгеріс енгізіңіздер. Жұмыс барысында екі түсті қалам қолданыңыздар.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Құстардың біріне төлқұжат дайындаңыздар. Таңдаған аң мен жануарға немесе құсқа ат қойып, шағын сипаттама беріңіздер.
Үлгі:
Аты: Қасқыр
Бала кездегі аты: Бөлтірік.
Әкесі: Арлан.
Анасы: Құртқа
Сипаттамасы:
Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Бөлтірікті анасы мен атасы кішкене кезінен өз тамағын тауып жеуге баулиды. Түрі көкшулан, көзі сұр түсті болады.
Грамматикалық тапсырмаға келесі жұмыс ұсынылады:
1. Тыңдалымнан кейінгі тапсырмаға сүйеніп, зат есімнің мағыналық түрлері және олардың жалғаулар арқылы түрленуіне түсінік беріңіздер. /тірек кестелерді қолдану арқылы/
2. Тыңдалған мәтіннен заттардың атауы болатын зат есім сөздерді табыңыздар.
3. Заттарды жаппай атаудан бөліп, жеке атаулармен атаңыздар.
4. Әр төлге бір есім беріп, осыдан жалқы есім туралы ереже қорытып шығарыңыздар.
Жазылым тапсырмасы (жеке жұмыс)
Жануарлардың төлдеріне ат беріп, «Менің құралайым» немесе «Бөлтірік пен Аланның достығы» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңыз.
Бағалау критерийлері
1. Тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданады;
2. Жалпы және жалқы есімдерді ажыратады;
3. Сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіреді.
Оқушылар жұптық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдап, сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолдануын бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 099



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!