» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы-тәрбие бастауы (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы-тәрбие бастауы (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы-тәрбие бастауы (5 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы-тәрбие бастауы (5 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы-тәрбие бастауы
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар мазмұнын түсіне отырып сұрақтар құрастырады.
Барлық оқушылар: Мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Мазмұнын түсіне отырып сұрақтар құрастырады.
Кейбір оқушылар:Нақты ақпаратқа қатысты сұрақтар қояды.
Сабақ барысы: Топқа бөлу. 4 түрлі-түсті қағаз қиындылары беріледі,сол фигураны жинау арқылы топқа бөлінеді.
Оқушыларға сөздер жазылған қағаз қиындылары беріледі. Сол сөздерді маңыздылығына қарай қойып,өз ойларын ортаға салуы қажет,дәлелдеу керек.
-Отбасы
-Салт-дәстүр
-Тәрбие
- Білім
-Адамгершілік
-Рухани байлық
Осы сөздерді талдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалімнің кері байланысы
Сабақтың тақырыбы,мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Топтарға әр түрлі мәтін беріледі, әр топ тапсырмаларымен сағат тілі бойынша ауысады да, барлық 4 тапсырманы орындап шығады.
1-тапсырма. Негізгі ,қосымша ақпараттарды анықтайды
2-тапсырма. Негізгі ойға қатысты кілтті сөздерді теріп жазады,маңыздылығына қарай қояды.
3-тапсырма. Ақпаратты анықтау үшін сұрақтар құрастырады.
4-тапсырма. Ең маңызды 3 фактіні анықтайды. Неліктен? Түсіндіріңіз.Қай факті маңызды емес , неліктен , түсіндіріңіз.
1-топ.
2015 жылдың 11 қыркүйегінде «Отбасы күні» мерекесіне орай Качир ауданының Оқушылар үйінің ынта білдіруімен «Менің сүйікті отбасым» атты мерекелік байқау өтті. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды қоғамдағы бірлік пен келісімнің негізі ретінде, неке және отбасының позитивті келбетін қалыптастыруды, отбасы статусын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқауға үш отбасы қатысты: Завгородныйлар 10 жасар Илья атты ұлымен, Распаевтар 8 жасар Диана атты қызымен, Денещик 8 жасар ұлы Артеммен. Байқау шарты бойынша қатысушы-отбасылар дамытушылық, шығармашылық және спорттық сайыстарда, тапсырмаларда бақ сынасу керек болды. «Отбасылық портрет», «Отбасы», «Халық даналығы», «Тату отбасы», «Балалар театры», «Біз үшін үй тұрғызу түк те емес», «Арман үйі» атты байқаулар өте қызықты құлшыныспен өтті. Өз қолдарымен тоқыма жіптен қуыршақ даярлау байқауы қатысушылар арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болды.
Іс-шараға 50-ден астам кішкентай көрермендер қатысты. Өз сезімдерін дауыстап қошеметтеумен, бәрі бір дауыспен ұрандарды айқайлаумен көрсетті. Байқау арасындағы үзілістерде көрермендермен түрлі қозғалыс ойындары жүргізілді. Әділқазылардың пікірінше мұндай мереке өте қажет, әсіресе жылма-жыл өткізілетіні қуантады.Отбасы күні Қазақстандағы басқа мерекелер арасында лайықты орын алады, себебі кез келген мемлекет отбасынан басталады. Байқау соңында барлық қатысушыларға және белсенді көрермендерге сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
2-топ.
Қарағанды қаласы «Шаңырақ» отбасылық тәрбиелеу орталығының бастамашылығымен ашылған №3 емхана жанындағы «Отбасылық қатынастар мектебінде», болашақ ата-аналарға арналған семинар-тренингтермен қатар, жас ұрпақтың санасына отбасы мәртебесін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайтуға бағытталған өзге де ағарту шаралары жүргізіледі.
Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырушылар «Қырқынан шығару» мерекелік іс-шарасын өткізді. Мақсаты – қазақ отбасында ғасырлар бойы жүргізіліп келе жатқан дәстүр, баланың туғанына 40 күн толғанда жасалатын салтты жас отбасыларға көрсету.
Қазақ отбасында жаңа туған нәрестеге құрмет көрсетумен байланысты салттар мен дәстүрлер көптеп сақталған, олар әдемі және әрбір отбасы үшін маңызды.
Бүгін, әрбіреуіміз үшін уақыт көз ілеспес жылдамдықпен өтіп бара жатқан кезеңде, жастардың барлығы бұл салттарды зерделеуге уақыт таба бермейді. Әрине, отбасында бұл туралы айтатын және осы салт-дәстүрлерді өздері бас боп жүріп жасайтын әжелер болса, нұр үстіне нұр. Бірақ, өкінішке орай, әрбір отбасы бұндай отбасылық дәстүрлерді бұлжытпай орындаймыз деп айта алмайды. Сондықтан, ұйымдастырушылар жас отбасылардың назарын олардың өміріндегі маңызды оқиғаларға, соның ішінде, перзент сүю секілді айтулы оқиғаға аударайық деп шешті, және бұл күні осы салтты көрсету үшін, нәрестелі болғанына 40 күн толған жас ата-аналарды, аға ұрпақ – балалары мен немерелері бар әжелерді, сондай-ақ қала жастарын шақырды
3-топ.
Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасы «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Барлығына белгілі – бұл әлемдегі шынайы байлық – ол отбасы. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, адамгершілік құндылыққа баулиды. Тұлға болып қалыптасу көбінде тәрбиеленген ортаға, адамдарға, олардың арақатынасына тәуелді болады. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады, әрбір рөлдің шебер орындалуына «отбасылық сюжеттің» дамуын үнемі байқап жүретін кішкентай ғана адам өмірі байланысты.
Алғаш рет аталып отырған мереке күні аудандық Мәдениет үйінде «Отбасы – өмір айнасы» атты үлкен шара болып өтті. Осындай маңызы зор мерекемен аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Күзембаева құттықтады.
-Біз бүгін үлкен мерекеге куә болып отырмыз. Елбасы белгілеген айтулы күн еліміз үшін мәні зор. Өйткені, әрбір жанұя қаншалықты берік болса, мемлекетіміз де соншалықты мықты болмақ. Отбасы мерекесі – бұл түсінісу мен көмектесу, ересектер мен балалар арасындағы достық, жақын жүректердің бірлесу мерекесі. Тәрбие көзі отбасынан басталатындықтан, сіздерге шынайы отбасылық бақыт, шаңырақтарыңызға бірлік пен береке, шаттық тілеймін, - деп, тілегін жолдады. Мерекеге әр бағыттағы, яғни, ұзақ жылдар тату өмір сүріп келетін үлгілі отбасылар, бір салада ұрпағымен еңбек етіп жүрген әулеттер және жас отау иелері шақырылды. Аталған шара отбасылардың танысу үлгісінде өтті. Келген әрбір отбасының презентациясы мазмұны мен құрылысы бойынша түрлі, қызықты, тамаша көрініс тапты.
4-топ.
– Шуақты шаңырақ тірегі-ұлттық құндылықтар,-дейді «Жыл адамы» марапатының, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі диқан, Еркебұлан МӘМБЕТОВ
– Еркебұлан Нұрмағамбетұлы, Мем¬лекет басшысының Жар-лығымен осымен 2-ші рет ұйым¬дастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде озып шыққан отбасылар сахна төріне шығарылып, ай¬рықша ықылас көрсетілді. Рухани тәлім-тәрбиесі зор кон¬курсқа алғаш қатысушы ретінде не айтар едіңіз?
– Еліміздің 14 облысы мен Ас¬тана және Алматы қалаларын қамтыған шара қысқа мерзім ішін¬¬де жалпыхалықтық байқауға ай-налғанын, қамтылу аумағының кеңейе түскенін байқау қиын емес. Елбасының «Отбасы күніне» орай Қазақстан тұрғын¬дарына арнаған құттықтауында байқауда бақ сы¬на¬ғандардың саны былтырғыға қа-рағанда 2 есеге өсіп, 80 пайызға жуы¬ғын ауылдықтар құрағаны атап өтілді. Шынында да, кон¬курсқа 319 отбасы мен 19 этнос өкілдерінің қатысуы назар ау¬да¬р¬арлық факт. Қазақстандық пат-риотизмге, елдікке, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, сыйластық, қайырымдылық, мейі¬рімділік секілді адами ізгі ниеттерге үндейтін мәдени-та¬нымдық мән-мағынасы өте зор мұндай шараның кең қанат жайып, дәстүрге айналғаны сүйсінтеді. Әр отбасы Президентіміз алға қойған міндеттерді шешуге бір кісідей жұмылып, атсалысатын болса, экономикамыз өркендейді, еліміз гүлденеді. Қазақ халқы отбасы құндылықтарын ерекше баға-лаған. Өнегелі салт-дәстүрлерді үлгі етіп, кейінгі ұрпаққа аманаттап отырған. Ата-бабаларымыздың осындай тағылымдарын отбасының негізгі тірегіне айналдырған үлгілі шаңырақтар елімізде көп екені осы жолы да анық аңғарылды. Отағасы мен отанасы ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанда дені сау, білімді, еңбекқор, кісілігі де, кішілігі де мол, жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін ұрпақ тәрбиелей білсе, Отан, қоғам игілігіне қосқан өзіндік үлесі болар еді......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 16 |


Загрузка...
Читайте также

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Отбасы-тәрбие бастауы 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Отбасы-тәрбие бастауы, сабақ жоспары Отбасы-тәрбие бастауы 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Отбасы-тәрбие бастауы, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы-тәрбие бастауы (5 сынып, I тоқсан )