№ 11 сабақ Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу (3 сынып, IV тоқсан )

 № 11 сабақ Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: № 11 сабақ Қауіпсіздік нұсқаулығын жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.
Сабақ барысы: (Т, Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардан түрлі төтенше жағдайларда қолданылатын 101, 102, 103, 104, 105, 112 телефон нөмірлері жазылған карточкалар таратылып беріледі. Қай нөмір қандай жағдайда қолданылатынын, оларды білудің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі сұралады.
101 - Өрт сөндіру
102 – Полиция
103 - Жедел жәрдем
104 – Төтенше жағдайларда (газ)
105 - Темір жол ақпараттық орны
112 - Төтенше жағдайларда құтқару
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Негізгі бөлім
3.1.2.1 (МК, Ө; Ұ) Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
«Пазл құра» тапсырмасын орындайды. Қиылған суреттерді берілген бір ұғымға, тақырыбына байланысты біріктіреді.
Сұрақтар:
1. Пазл суреттерінде нелер бейнеленген?
2. Ол заттардың арасында қандай байланыс бар?
3. Олар неліктен бір топтамада беріліп тұр?
4. Оларды қандай тақырып біріктіреді? (Өмір қауіпсіздігі)
5. Біріктірілген заттарды қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты орналастыр. (Техника қауіпсіздігі, жолда жүру қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, суда жүзу қауіпсіздігі)
(Ө, Ұ) Оқушылар «Өмір қауіпсіздігі негіздері» мәтінін тыңдайды. Мазмұнын түсінген, түсінбегендері анықталады. Қажет жағдайда зерек оқушыларға қайта мазмұны айтқызылады. Мәтін ішіндегі түсініксіз сөздер талданып, сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Тыңдаған мәтін аясында алдында жасаған болжамдарын салыстырып тексереді. Адам өмірінде «Өмір қауіпсіздік ережелерін» білудің маңыздылығын талқылайды, ортақ пікір айтады.
Өмір қауіпсіздігі негіздері
Адам өмірі – оның ең қымбат нәрсесі, байлығы. Адам қандай жағдай болмасын өмірін сақтап қалуы тиіс.
Көп жағдайларда адамның өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін әрбір адам білуі тиіс. Төтенше жағдайларда қажетті нәрсені өз уақытында, әрі дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек.
Өмір қауіпсіздік ережелерін үнемі жадымызда ұстап, өз өмірімізді қорғай білуіміз керек. Сондықтан да қауіпсіздік әліппесін білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.
Сергіту сәті!
3.3.4.1 (Ө, Ұ, Қ) Өмір қауіпсіздігі нұсқаулығын жазу.
Оқушылар жазғы демалыс кезінде өзінің және жақындарының өмір қауіпсіздігін сақтауға байланысты нұсқаулық жазады. Дескрипторлар негізінде өзін өзі бағалайды.
-нұсқаулықты жазу талаптарына сәйкес құрастырады;
-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 201



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі