» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
–сөз құрамы сызбасы негізінде зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
негізгі және туынды зат есім/сын есім/етістікті ажыратады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
туынды зат есім/сын есім/етістікті жасай алады
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев есімдерін атау.
-Осы адамдардың есімін қандай ұғыммен байланыстыруға болады?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы не болуы мүмкін?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру.
Негізгі бөлім
3.2.5.1 (Ө, Т, Қ) Түрлі дереккөздерден ақпарат алу.
Оқушылардың назары суреттерге аударылып, сұрақтар қойылады:
-Суреттерде кімдердің бейнелері сомдалған?
-Олардың бет-әлпетіне, киім киісіне, іс-әрекетіне қарап, қандай кезеңде өмір сүргенін анықтауға бола ма?
-Олардың қандай ерлігін білесіңдер?
-Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы не білесіңдер?
Оқушыларға ресурстармен (компьютер/ ноутбук/ смартфон/ ) жұмыс жасау ұсынылады. Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірбаяны туралы, олардың ерлігі туралы мәлімет жинақтайды.
Алдымен топ ішінде жекелеген оқушылар өз ойларын айтып, ортаға салады. Топта талқылағаннан кейін әр топ өз ойларын сыныпта айтады. Жинаған мәліметтерінде кездесетін жаңа сөздерді тақтаға жазылады. «Жауынгер», «арыстар», «ұшқыш» «екі мәрте Кеңес Одағының батыры», «жазушы», «ғалым», «қос шынар». Әр топқа бір сөздің мағынасын түсіндірме сөздік немесе басқа да дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде түсіндіру ұсынылады.
(Ө) «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» (Серік Жетпісқалиев) әңгімесінен берілген үзіндіні оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
-Неліктен батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі ұмытылмауы тиіс?
-«Ай, арыстарым-ай! Бір-біріне қарап, сырласып тұрғандай!» деген қарияның сөзінен қандай эмоционалдық күй көрінеді?
-«..шын мәнінде қазақтың батырлары ғой! Халықтың құрметіне бөленген азаматтар!» қандай болуы керек?
3.4.2.4 (МК, Ө, Ұ) Негізгі, туынды зат/сын есімді, етістікті анықтау.
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» мәтініндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Сол сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Жасалу жолына қарай қандай зат/сын есім, етістік екенін анықта. Негізгі және туынды сөздердің мағыналарын өзара салыстыр.
Үлгі:
Мамыражай, мамыр - түбір сөз, -ажай – қосымша (жұрнақ)
Орталық, орта – түбір сөз, -лық – қосымша (жұрнақ)
Оқушылар қорытындылайды:
Мамыражай, орталық сөздері туынды сын есімдер, түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалынып тұр.
3.3.5.1 (МК, Ө, Ұ, Қ) Қатені табу және түзету.
Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды дұрыс жалғап туынды сөздер жаса. Туынды сөздердің қандай сөз табы екендігін анықта. Негізгі түбірдің қай сөз табынан жасалғанын ажырат. Өзіндік бағалау.
Сөздер: Жол, ас, ат, өшір, адал, тату.
Жолдас – жол, не? түбірі зат есім, -дас, зат есім тудырушы жұрнақ.
Астық - ас, не? түбірі зат есім, -тық, зат есім тудырушы жұрнақ.
Атқыш - ат, не істе? түбірі етістік, -қыш, зат есім тудырушы жұрнақ.
Өшіргіш - өшір, не істе? етістік, -гіш, зат есім тудырушы жұрнақ.
Адалдық – адал, қандай? сын есім, -дық, зат есім тудырушы жұрнақ.
Татулық - тату, қандай? сын есім, -лық, зат есім тудырушы жұрнақ.
(Сөздердің кейбіреуін қатыстырып сөйлем құрау).....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 7 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 1 сабақ Негізгі зат есім және туынды зат есім Күй атасы (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 1 сабақ Негізгі зат есім және туынды зат есім Күй атасы (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 90 сабақ Болымды және болымсыз етістік (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 71-сабақ Негізгі және туынды зат есім (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ, сабақ жоспары № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )