Өзен мен бұлақ (3 сынып, IV тоқсан )

 Өзен мен бұлақ (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Өзен мен бұлақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото /суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото /суреттер қолдану.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• бейнелі сөздерді қолданып, өз ойыңнан ертегі құрастырасың;
• сөйлеу барысында суреттерді қолданасың.
Сөйлесейік
Оқушыларға өзеннің дыбысы тыңдатылады.
- Сурет бойынша қандай сұрақтар қоюға болады?
- Суретте не бейнеленген? Сипаттап айт.
Суретке әркім тақырып қойсын.
Оқиық.
Әңгіменің авторы туралы мәлімет:

- Өзен қалай пайда болған? Сұрақтың жауабын білгің келсе, әңгімені түсініп оқы. «Джигсо» әдісі арқылы мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.
Өзен мен бұлақ
Айналаны азан-қазан жаңғырта ағып жатқан, арыстандай арқыраған Өзен терең сай ішінде атқылап аунақшиды. Ерке де шолжаң. Ақ жаулықты Tау анасы Өзенннің төбесінен төне қарап, бақылап тұр. Ерке Өзеннің буырқанған албыртта қайсар қылығына мәз. Tау өз ұрпағының осы қылығына қуанып қарап тұрып, сүйсіне күлімдейді.
- Арында, еркем, арында! Зулай бер, ілгері! Tасқында, күшің артсын! Құлашыңды кеңге серме! – деп, алға ұмтылдыра түседі.
Қыспақтан шыққан Өзен құлдыраңдай жүгірді. Бұлақтың да үлкен арнаға түсіп, арқырай аққысы, қызықты өмір сүргісі келді. Бірақ Өзен тетелес інісін аямай иықпен қағып өте шықты. Арынды Өзен тентек бала құсап әлжуаз Бұлақты кері ықтырып тастады. Үлкен ағысқа қосыла алмай, шеттеп қалғанына қынжылып, жыламсыраған Бұлақ бұртиған қалпы амалсыз бөгеліп қалды. Ағысқа ілесе алмады.
- Былай тұр жолымнан, тапталып қаларсың! – деп күжілдей жекірді Өзен.
Бұлақ жалынышты үнмен міңгірлей өтінді:
- Мен де ойнайыншы арнаға түсіп...
- Сен әлі кішкентайсың, әлсізсің!
- Арнаның шетімен ғана сырғимын.
- Айттым ғой, аяқтың астында қаласың! Әрі кет! Маған ілесе алмайсың.Саған қарайлап былқ-сылқ етіп жүре алмаймын.
Бұлақ қызық ойынға қатыстырмай қойған бала секілді ағасына өкпелегендей томсырайып тұрып қалды.
Tау тентек Өзенге байыппен кеңес берді:
-Өзенім, тым еліріп кетпе. Артыңа көз салшы, қаншама Бұлақ қосылып, қалай ұлғайғаныңды есіңе түсір. Ініңді ренжітпе. Бұлақ сенің көзің, қуатың! Осы бұлақтар арқылы сенің арының артып, арнаң тола береді.
Өзен үн қатпады. Ойға шомғандай сәл иіріліп, өзімен-өзі айнала берді. Өзінің ағат қылығын түсінді ме екен, кім білсін?!
Құрманбай Tолыбаев
- Әңгімені оқыған кезде көз алдарыңа не елестеді?
- Өз туған жерлеріңде өзен бар ма? Бар болса әңгімелеп беріңдерші.
(Ж) «Әңгімені сұрақ қоя отырып оқы»
Жұптық жұмыс кезінде мәтіннің бірінші бөлігі бойынша А оқушы В-ға бірнеше сұрақтарды жазбаша дайындайды. В жауап береді.
Екінші бөлігі бойынша В оқушы А-ға сұрақ қояды.
Үшінші бөлігінде А мен В С мен Д-ға сұрақ дайындайды.
Tапсырма: Жеке және топтық жұмыс.
1.Бірінші тапсырмада анықтаған тақырыптардың қайсысы әңгіменің тақырыбына сәйкес келеді?
2. Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді оқы және неге сол сөйлемді белгілегеніңді түсіндір.
Дифференциация: Қабілеті төмен оқушылар әңгімені оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады. Қабілеті төмен оқушыларға жабық сұрақтар, ал қабілеті жоғары оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.
(Ө.ж) Сұра және жауап бер:
- Өзен мен бұлақ неге тіркесіп қалды?
- Өзен мен бұлақтың әрекеті мен мінез-құлқына ұқсайтын адамдар өмірде кездесе ме?
- Өзен мен бұлақтың қандай ерекшеліктері болады?
- Өзен таудың кеңесінен соң қандай әрекет жасады деп ойлайсың?
«Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы сұрақтардың жауаптары тыңдалады.
Tыңдалған жауаптардың деңгейіне сәйкес смайлик беріледі.
Дифференциация: Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді, ал қабілеті жоғары оқушылар әңгімеден мысал келтіріп, баға беріп жауап береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 941



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!