117-сабақ Бақылау диктанты (3 сынып, IV тоқсан )

 117-сабақ Бақылау диктанты (3 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 117-сабақ Бақылау диктанты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
Оқушылардың көбі:
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
- сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
Оқушылардың кейбірі:
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді
тауып, түзетеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
- сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой ширату жаттығуы «Көңілді бірқазан»
Же1 екен 1 қазан:
Кей1 жемді 1 қазан
1- ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
«Тойдым», деп...
Естіп 1кез дү1ді,
Жағадағы тү1 ді
Паналауға жүгірді.
Оқушылар «Көңілді бірқазан» өлеңін санның орнына сөзді айта отырып, оқиды. Өлеңде қандай сандар жазылғанын және сан есімнің түрлеріне ажыратады.
Оқушылар өлеңді кезектесе отырып, бірнеше рет оқиды.
І. Негізгі бөлім
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Диктант жазуға дайындық
Есіңе сақта!
Диктантты жазуға қойылатын талаптар
• Мәтін мазмұнын ынта қойып тыңдау;
• Мәтін мазмұны бойынша қиын сөздерді қадағалап отыру;
• Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу;
• Жазылуы қиын сөздерді есте сақтау;
• Оқылған сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап қалай жазылатынын еске түсіріп жазу;
• Мұғалімнің диктант мәтінін қайталап оқығанын мұқият тыңдап, өз жазғанын тексеру ;
• Тексеру барысында қалып қойған сөз немесе әріп болса толықтырып жазу;
Мұғалімге ескерту:
• қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;
• сөздік жұмыс жүргізу;
• сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін ескеру;
• оқылу интонациясын қадағалау
Сергіту сәті.
Оқушылардың ойларын сергіту мақсатында ребус шешіледі.
Ребустағы сөздер: жүзім, бірлік, жеті ата, алтын, Жетісу, кекілік, жүзгіш, бірқазан, үшбұрыш, бестік
Мұғалім бақылау диктантының мәтінін мәнерлеп оқып шығып, ішіндегі жазылуы қиын сөздерді түсіндіреді. Содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды. Диктант жазылып болған соң мұғалім тағы бір рет қайталап оқып шығады. Оқушылар жазғандарын тексеріп, қалып қойған сөз болса, әріп болса толықтырады. Оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шығады. Мұғалім бақылау диктантын жинап алып, бағалайды.
Өзеннің маңызы.
Қазақстанда үлкен- кіші 85000 өзен бар. Олар Жайық, Ертіс, Есіл, Сырдария тағы басқалары. Қалалар, елді мекендер өзен жағасына салынады. Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өзеннің суы тұщы болады. Үлкен өзендерде кемелер жүзіп , жолаушылар мен жүктерді тасиды. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. (50 сөз)
Тапсырма:
Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой. Сан есім түріне ажырат. Сан есімдерді реттік сан есімдерге аударып жаз.
Сан есімдер: сексен бес мың.
Реттік сан есімдер: сексен бес мың- сексен бес мыңыншы.
Бағалау дескрипторы:
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, қатесіз жазады;
- әріптерді үзбей, біркелкі жазады;
- сөйлемнен сан есімдерді табады;
- есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырады;
- диктанттағы қателерді тауып, түзетеді;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 099



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Димаш
    Димаш 23.04.2021 16:49
    0 + 0 -
    Балалар жаттап алды бірақ боқтап бастады және менің қызымды 18+ ғылдырды, мен ұлымды ұрдым? жақсы екен ?