» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №109 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №109 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №109 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №109 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су-тіршілік көзі
Тақырыбы: №109 Сан есім
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі жасай алады:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді
-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Миға шабуыл (Ұ.)
Тест тапсырмалары
1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А)қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше? нешінші?
2. Сан есімді көрсетіңдер
А) бес ә) кітап б) белсенді
3. Сан есімді көрсетіңдер
А ) бес, сана, ұйықта ә) елу бес, жас, кәрі б) қырық, елу, жүз
4. Сан есім дегеніміз .... білдіреді
А) заттың атын ә) заттың санын, ретін б) заттың сынын
5. Реттік сан есімді тап:
А) оныншы ә) он бес б) жетеу
6. Жұмбақты шешіңдер
Басында тағы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
3.2.3.1 (Т.Ж) Түстер арқылы топтарға біріктіру.
«Ашық пікір» әдісі 26-жаттығу Ертегіні оқы. Әр топ 5 сұрақ жазып дайындау керек. Әр карточкаға бір сұрақ, жауабы артына жазылады. Түйе мен түлкінің қайсысының жауабы шындық, қайсысы жалған екенін дәлелде.
Дескриптор:
-ертегіні оқып, сұрақ дайындайды
-түйе мен түлкінің әрекетін дәлелдейді.
Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Саралау: «Қарқын» тәсілі. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
3.4.2.3, 3.3.6.1 (Ж.ж) «Қызықты мозаика» әдісі.
27-жаттығу. Мозаикада берілген сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыру. Сөйлемнен мәтін құрастырып, мәтінді көркем жазу. Сан есімдерді тап.
Зайсан , Шығыс Қазақстан , орналасқан , облысында , көлі. ұзындығы, көлдің, 100 километрден, асады. 8-9 метр, тереңдігі
Дескриптор:
-сөздерді байланыстырып мәтін құрастырады.
-сан есімдерді табады
-мәтінді көркем жазады
Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады
3.1.3.1, 3.2.3.1 ( Ж.ж) «Не/Қандай/Неліктен» әдісі
28-жаттығу Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап бер.
Жағдаятқа байланысты өз ойыңмен бөліс.
Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақ көзін шөп-шалам, босаған ыдыс және қоқыстар басып, бітеліп қалғанын көрді....
Сұрақтар:
1. Балалардың әрекеті қандай болмақ?
2. Бұлақ көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді;
- өз ойларымен бөліседі;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды
Қ.Б: смайликтер арқылы бағалау
Саралау: «Қарқын» тәсілі . Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады
(Т.Ж) 29-жаттығу «Кім тапқыр» ойыны
Өлең оқылады. Кейін әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырманың жауаптарын дұрыс анықта.
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге үш балық.
Сынайын бір ал сені,
Бала саны қанша еді?
-жауаптарын анықтайды
Қ.Б: мадақтау арқылы
Саралау: «Тапсырма» тәсілі
- Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 11 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары №109 Сан есім 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №109 Сан есім, сабақ жоспары №109 Сан есім 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары №109 Сан есім, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №109 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )