№108 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

 №108 Сан есім (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су-тіршілік көзі
Тақырыбы: №108 Сан есім
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі жасай алады:
-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;\
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
-тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
«Таңғажайып дорба» ойыны
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.
Миға шабуыл (Ұ.)
Сәйкестендіру тесті
1. Негізгі сын есім А. Таза
2. Туынды сын есім Ә. Ақылды
Б. Қара
В. Ойлы

1.Туынды зат есім А. Бұл жерге оны көмбе!
2. Туынды етістік Б. Жақын қалды көмбе.

3.1.1.1 ( Ұ.Ж) 21-жаттығу «Серпілген сауал» әдісі
Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Сұрақтардың жауабы арқылы тірек сөздер қатарын тауып жаз.
1. Асан қайда бармақшы болды?
2. Ол неліктен шөлдеді?
3. Жолда не кездесті?
4. Бұлақтың су қандай?
5. Бұлақтың суы неліктен ерекше болып көрінеді?
Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді
-тірек сөздер қатарын тауып жазады
Қ.Б: мадақтау арқылы
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады
3.4.2.3 (Ж.Ж) 22-жаттығу «Сұрағын тап» әдісі
Жұптаса отырып орны ауысқан сөйлемдерді ретке келтіріп жаз. Сан есімдерді тап. Оларға сұрақ қой.
Теңіз одан әлдеқайда көп. Жер бетінде төрт мұхит бар. Олардың саны отызға жетеді.
Сұрақтар үлгісі:
1. Жер бетінде неше мұхит бар?
2. Олардың саны қанша?
Дескриптор:
-сөйлемдерді реттеп жазады
-сан есімді жазады
-сұрақ қоды
Қ.Б:жұптар бір-бірін көңілді смайликтер арқылы бағалау
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
3.4.2.3 (Т.Ж) Бір, екі, үш деп санау арқылы үш топқа біріктіру
24-жаттығу «Бас қатырғыштар» әдісі Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
1-топ: К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік,
2-топ: 1+лік, 100+ім, 100+ік, 5+ік
3-топ: жел+90, 6+бақан, 3 100, 3 би
Дескриптор:
-саны бар сөздерді анықтайды
-сан есімі бар сөзді жазады
Қ.Б: «2жұлдыз, 1 тілек» арқылы топтар бағалайды
Саралау: «Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
3.3.5.1 ( Ж.Ж) 25-жаттығу Өздік диктант
Мақалды оқып, жатқа жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Мақалдың мәнін түсіндір.
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
Дескриптор:
- байланысып тұрған сөздерді сызбамен көрсетеді
- қатесіз сауатты жазады;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Қ.Б: мадақтау арқылы
Саралау: «Қорытынды» тәсілі Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 905



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі