Сауатты жазып үйренейік! (3 сынып, IV тоқсан )

 Сауатты жазып үйренейік! (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Сауатты жазып үйренейік!
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.2.2.1тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолдану;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады,сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап
береді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
1.(Ұ, Ж ) Тапсырма «ВЕЕР» әдісі арқылы орындалады.
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау. Қағазды веер пішінде бүктеп үш топқа үлестіреді.Бірінші оқушы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ жазады. Екінші оқушы жауап жазады. Осылай бір топ оқушылары жазып шығады.
Мұғалім тапсырмаларды қарап, ауызша бағалайды.
2. ( Ұ, Т, Ж, Ө ) Ойлан, су не үшін қажет?
Суретке сүйеніп әңгімеле. Сен суда жүзе аласың ба?
Жүзу туралы не білесің?
ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
Қ.Б Оқушылар «Бас бармақ» арқылы бағалайды
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.3.1, 3.2.2.1 (МК; Ө; Ұ)
Мәтінді түсініп оқы.
Бұл тапсырма бірін- бірі оқыту – «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын әдіс арқылы орындалады.
Суда жүзу
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет.
Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп,өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, демалысқа өте пайдалы. Мұның бәрі жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді.
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Ол үшін алдымен жүзіп үйрену қажет.
Суда жүзудің көптеген спорттық әдіс- тәсілдері бар.
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Суда жүзудің пайдасы – адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
3.2.2.1 , 3.3.5.1 (Ө, Т, Ж, қ) Көркем жазу
Сауатты жазайық!
Түсіндірме диктант
Мәтін құрамындағы үш сөйлемді диктант түрінде жазғызу. Жұпта жазба жұмысын тексеруді ұйымдастыру. Қажетті жағдайда қатемен жұмыс жүргізу.
Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп,өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады.
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді.
Сөйлемде қарамен берілген жүз сөзінің екі мағынада қолданып тұрғанын дәлелде.
Жүз сөзінің екі мағынада қолданып тұрғанын дәлелдейді. Сөйлем құрастырады.
Ықтимал жауап: Суда жүзу – қимыл қозғалысты білдіріп тұр.
Адамдар жүздеп – адамдар санын білдіріп тұр.
Қ.Б Жұмыстарын жұпта өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің мағыналарын ажыратады;
- оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
- сөйлеу барысында қолдана алады;
- қатемен жұмыс жүргізеді;
3.2.3.1 (Ө, Т, Ж, қ) мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушыларға бағыт беріп тұрады.
1 2 2 1 3 4 4 3
Ықтимал жауаптар:
- Жазда адамдар не себепі өзен- көлдердің жағасына жиналады?
- Жүзу дегенді қалай түсінесің?
- Суда жүзудің қандай пайдасы бар деп ойлайсың? т.б
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
- мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
- сөз мағынасын ажыратады;
Сергіту сәті.
Әуен ырғағымен билеу.
3.2.2.1 (Ө, Т, Ж, қ) Шығармашылық тапсырма
Ойлан, тап! «ИӘ», «ЖОҚ»
- Сөздер ауыспалы және тура мағынасында қолданылады ( иә немесе жоқ)
- Антоним мағынасы жуық сөздер ( иә немесе жоқ)
- Омоним сөздердің мағыналары бір – біріне қарама- қарсы( иә немесе жоқ)
- Ірі –ұсақ мағынасы қарама - қарсы сөздер ( иә немесе жоқ)
- Мағынасы жуық сөздер -синоним сөздер( иә немесе жоқ)
- Құлақ қойған жоқ – тыңдамады ( иә немесе жоқ)
- Көз ұшында – жақында ( иә немесе жоқ)
Оқушылар жылдам жауап беруге дайындалады.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің мағыналарын ажыратады;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 883



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі