» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 2- сабақ. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау
Оқу мақсаты: 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;
3.2.2.1тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолдану;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажыратады,сөйлеу барысында орынды қолданады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Сәлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.
«Ашық микрофон» ойыны ойналады.
Оқушылар бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Мысалы, Тура мағыналы және ауыспалы мағыналы сөздерге мысал келтір.
Ықтимал жауаптар: иненің көзі (ауыспалы мағыналы сөз) адамның көзі (тура мағыналы сөз) т.б
ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.4.1, 3.2.2.1 (МК; Ө; Ұ)
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Қарамен жазылған сөздерді қалай түсінесің?
Бір топ бала жазғы демалыста тауға серуенге шықты. Олар тау етегіндегі шоқ ағашқа келіп демалды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімжан ағаш ішін аралап кетті. Екеуі мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі. Көп ұзамай- ақ бұлақтың көзін тапты. Олар судың дәмін қайта- қайта татып көріп, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар да келді. Судың дәмін бәрі де татып көріп, түрлі – түрлі пікірлер айтты.
Бұл су асқазан ауруын емдейтін шипалы су болып шықты. Шипалы суды ішіп талай адам жазылды.
«Балдырған» журналынан
1.Сұрақтар ілмегі
- Мәтін не туралы?
- Балалар қайда келді?
- Мәтіннен қандай ой түйдің?
- Мәтінге қандай тақырып ұсынар едің?
- Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді?
Қ.Б Шапалақ арқылы бағалау
Бағалау дескрипторы:
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтінге сәйкес тақырып қояды;
3.2.2.1, 3.3.5.1 (МК, Ж, Ө) Көркем жазу.
Бб Бб Бб Бб Бб
Су анасы - бұлақ, сөз иесі – құлақ
Тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.
Мәтіндегі ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркестерін кестеге теріп жаз. Сөздердің тура мағынасын кестеге жаз және сөйлем құрастыр.
Ауыспалы мағыналы сөз Тура мағыналы сөз
бұлақтың бойы адамның бойы
бұлақтың көзі адамның көзі
бұлақтың басы адамның басы
Ықтимал жауаптар:
Шыңғыстың бойы биыл өсіпті. Көз - көру мүшесі. Айдар басына тақия киді.
Жұпта неліктен ауыспалы, тура мағыналы сөздер екенін дәлелдеп, сөйлемдер құрастырады. Үш – төрт жұп өз пікірлерін сынып алдында қорғайды.
Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
- оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
- сөйлеу барысында қолдана алады;
- сөйлемді қатесіз құрастырып жазады;.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 18 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау, сабақ жоспары 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөз, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2- сабақ Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пысықтау (3 сынып, IV тоқсан )