» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.2 мұғалімнің қолдауымен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.2.3.2 бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары:
Мәтінді іштей оқу, қажетті ақпаратты белгілеу
Көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру.
Қазақ тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
(Ұ) Адасқан сөздер
А Ш Қ А , А Х Т, А У Д Р А М Ы Ш А, С А Т Я Х А Т Н А У Ы Ш, А Ғ А Ы М Л.
Оқушылар қима әріптерден сөз құрау арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
Шоқан Уалихановтың ақшада бейнеленген суретін көрсетеді.
- Ақша дегеніміз не?
- Ақшада бейнеланген сурет арқылы нені түсінуге болады?
-Неліктен Шоқан Уалиханов ақшада бейнеленген деп ойлайсыңдар?
/оқушылар өз ойларын ортаға салады/
-Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
Бағалау критерийлерін шығару
(Ұ) Өткенді қайталау.
Оқушылар қарама-қарсы шеңберге тұрып, Абай Құнанбаев пен Шоқан Уалиханов туралы сұрақ қояды, жауап береді.
дескрипторлар
- Ш.Уалиханов туралы біледі
- Абай Құнанбаев туралы біледі
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кері байланыс жасалады/.
(Ж) Оқылым.
Мақсаты: мәтінді іштей оқып, тірек сөздердің астын сызу,көркемдеуіш сөздерді анықтау, нақтылау, пікір білдіру сұрақтарын құру және жауап беру.
1. Мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді белгіле.
Шоқан Уалиханов 1835 жылы қараша айында Омбы қаласы, Аман-Қарағай округінде дүниеге келген.
Шын аты Мұхаммед-Ханафия (Мұхаммед Қанафия). Ол ғалым, тарихшы, этнограф, саяхаттанушы. Шоқан Уалиханов Абылай ханнның ұрпағынан тараған. Атасы Уалихан Абылай ханның 30 ұлының бірі болған. Шоқан жас кезінде қойылған аты. Әкесі аға сұлтан болған.
Шоқан бастауыш білімін қазақша, персидше, қыпшақ*шахатайлық, арабша тілде алған. Шоқан Уалиханов сурет салғанды жақсы көрген. Ол айналасында болып жатқан құбылысты суреттеп, оны өмір бойы сақтаған. 12 жасынада алғыр Шоқан Омбыдағы Кадет корпусында білім алып, досы Г.Н. Потанинмен танысады. Оның айтуынша Шоқан 14-15 жасында сол кездегі атақты халымдардыың деңгейндегі зерттеулерді ашқан.
Ш. Уалиханов 1865 жылы10 сәуірде (29 жасында) дүниеден өткен.
/Ұжыммен, тірек сөздерді анықтап, ауызша мазмұндайды/
2. Мәтін кім туралы?
3. Шоқан Уалихановтың Г.Н. Потанинмен қайда танысты__________________________________
4. Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары
5. Мәтін неше абзацтан тұрады__________________________________________________________________________________
6. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой
____________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Мәтіндегі эпитет сөздерді теріп жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Мәтін бойынша нақтылау және пікір білдіру сұрақтарын құрастыр.

Оқушылар тапсырманы өздік жұмыс ретінде орынайды, жұппен алмасып, ұжыммен тексеріледі.
Дескрипторлар:
1. Эпитет сөздерді анықтайды;
2. Нақтылау сұрағын құрайды, жауап береді
3. Пікір білдіру сұрағын құрайды, жауап береді
4. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 11 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Атақты тұлғалар туралы оқу 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Атақты тұлғалар туралы оқу, сабақ жоспары Атақты тұлғалар туралы оқу 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Атақты тұлғалар туралы оқу, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Атақты тұлғалар туралы оқу (3 сынып, III тоқсан )