» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: № 95-сабақ Сын есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің қолдауымен жоспар құрып, мазмұндама жазу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орын тәртібін біледі;
-тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Морфологиялық ширату.
1. Сын, көлем, салмақ, сапа, дәм, қасиет.
2. Бойшаң, кең, ауыр, мықты, тәтті, жайдары.
Екі қатарда берілген сөздерді бір-бірімен дұрыс жұптау.
Берілген ұғымдар мен сөздердің қандай сөз табына қатысты екендігін анықтау.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.3.1 (МК, Ұ; Қ) Тапсырма 1.45-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Сұрақтарға жауап беруде менің ойымша, меніңше, сол себепті, сондықтан сөздерін қолдану керектігі түсіндіріледі.
-Мәтінде кімдер туралы айтылған?
-Ол адамдар туралы не білесің?
-Жамбыл Жабаев туралы не айта аласың?
-Жамбыл мен Сүйінбайдың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?
-Аталған тұлғаларды қандай өнермен байланыстырасың? Не себепті?
-Жамбыл мен Сүйінбайды атақты тұлға ретінде қалай сипаттайсың?
3.4.2.3 (Ө, Ұ) Тапсырма 2. Мәтіндегі сын есімдерді табу. Сын есімдерге сұрақ қою.
Сын есім туралы 2-сыныпта игерген білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы еске түсіру.
-Сөз таптарын ата.
-Сын есім дегеніміз не?
-Сын есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
-Мысалдар келтіріп, ойыңды дәлелде.
3.3.3.1 (Ұ) Бейнематериал бойынша мұғалімнің қолдауымен жоспар құрып, мазмұндама жазу.
Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны туралы бейнеролик көру. «Бірлесіп жазу» әдісі.
(Ө) Бейнематериал мазмұны бойынша 7-8 тірек сөз жазу.
(Ж, Т) Жұпта сөз тіркестерін құрастыру. Топ ішінде сөз тіркестерін талқылап, мәтін құрастыруға қажетті 5-6 сөз тіркесін іріктеп, таңдап алу.
(МК, Ұ) Бейнематериалды қайта тамашалап, бірлесіп жоспар құру.
(Т) Тірек сөздерді жоспардың бөліктеріне сәйкес орналастыру. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдерді мазмұнына қарай ретімен орналастыра отырып, мазмұндама жазу. Топтардың жазған мазмұндамаларын таныстыруы.
Мазмұндама жазудың талаптарымен таныстыру:
-жоспарға сәйкес жазу;
-тірек сөздерді қолдану;
-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау;
-сөйлемдерді мағыналық байланыстыру;
-жазу емлесін сақтау;
-каллиграфиялық талаптарды сақтау;
-қатесіз жазу.
3.3.6.1 (Ө, Қ) Мазмұндама жазу.
Жоспарға сүйеніп, мазмұндама талаптарын ескере отырып мазмұндаманы жазу. Жай қарындашпен өзін-өзі тексеру.
Жіберген қателеріне байланысты оқушылар екі топқа топтастырылады.
Мазмұндаманы қатесіз орындаған топқа: Жамбылдың ұстазы Сүйінбай туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинау, талдау жұмыстары ұсынылады. Сүйінбай тұлғасын сын есімдерді қатыстыра отырып, сипаттау тапсырылады.
Қате жіберген оқушылармен қатені талдау, түзету жұмыстары жүргізіледі.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 13 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары № 95-сабақ Сын есім 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 95-сабақ Сын есім, сабақ жоспары № 95-сабақ Сын есім 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 95-сабақ Сын есім, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 95-сабақ Сын есім (3 сынып, III тоқсан )