Суретті көркем фантастика (3 сынып, III тоқсан )

 Суретті көркем фантастика (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Суретті көркем фантастика
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.2.2 мәтіннің тақырыбы, бастапқы және қорытынды бөлімі негізінде ондағы сюжеттің дамуын болжау
Сабақ мақсаттары: Тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді белгілейді.Мәтін мазмұны бойынша қойылған ашық және жабық сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннің тақырыбы, бастапқы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап айтады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Тосын жағдай тузығдыру» стратегиясы
Тосыннан: (Сіздің эмоцияңыз қандай?):
- Партаның астынан қолтырауын сені тістеп алды!
- Сыныпқа балмұздақ салынған қорпапты көтеріп, солтүстік аюы кіріп келді!
- Сендер ертең аспанға дирижабльмен ұшасыздар!
Бұл жағдайлар шын болады ма, әлде қиялдан туған ой ма?
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқу мақсаты:
- Қиял дегеніміз не?
- Қиялдап көрдіңдер ме?
- Өз қиялдарыңды басқаға айтқан кездерің болды ма?
- Жұпта өз қиялдарыңды әңгімелеп беріңдер.
Жұпта талқылап болған соң, жұптар өзара қиялын таныстырады.
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар?
-Бүгін біз бір-бірімізді қызықтыру үшін көркем фантастиканы тыңдаймыз.Ендеше қиялдап көрейік...
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Соның негізінде бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.Сабақтың соңында БК оралатындарыңызды ескерту.
(Ұ,Т)Тыңдалым
- Балалар, сендер қазір көздеріңді жұмасыңдар. Мен бір әңгімені бастаймын. Сендер сол әңгіме бойынша сюжетті елестеп көріңдер. Мен тоқтаған кезде сендер әңгімені ойша аяқтап көріңдер.
Мұғалім фантастикалық мәтін оқиды. Аяқталуға жақын жерден тоқтайды.
Жаздың бір күнінде...
Жаздың бір күнінде, барлық ауыл балалары суға түсіп жатқан едік. Су мөп-мөлдір айнадай. Бір-бірімізді итеріп, суға құлатып, ойнап жүрміз. Бір кезде бір нәрсе аяғымызды сипап өткен сияқты болды. Міне, тағы да, сипап өтті. Бір кезде су бетін қап қара көлеңке басып кетті. Мен артыма қарауға қорықтым.
Оқушылар әрі қарай болжап фантастикалық әңгімені аяқтайды.Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Соңында әңгіменің нақты соңғы бөлігі оқылып, салыстырылады.
Сол үлкен қара көлеңке жақындап келе жатты. Қара көлеңке өте үлкен балық болып шықты. Бір мезетте сол балық бізді тарта жөнелді. Балалар у-шу. Жан жаққа қашып жатыр. Балық бізбен ойнағысы келгендей, демін тартқанда біз оның аузына тірелеміз. Ал демін жібергенде толқын бізді жағалауға шығарып тастайды. Біз қашуға үлгере алмай қалып жатырмыз. Енді артымызға қарасақ, үлкен сүйкімді балық екен. Біз онымен достасып, ұзақ ойнадық.
Дифференциация: бірнеше балаға мәтіннің негізгі ойын ашатындай бірнеше сөздер анықтату.Оқушылар болжамымен салыстырады.
(ҚБ)
-Кімнің болжамы қызықты болды?
-Неліктен?
(Т,Қ)Суретпен жұмыс
Оқушылар суреттің әр бөлігіне бірнеше сөйлемнен тұратын әңгімелеу мәтінін жазады. Мәтін жазу үшін оқушыларға тірек сөздер беріледі.Тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа фантастика мәтіні құрастырылуы тиіс.
Тірек сөздер: таңертең ерте …, кенеттен … ақырында …, ертеңгі таңға дейін …, сол кезде…, күтпеген жерден …, ол таң қалыпты ….., .... сеніпті.
-Мәтін мазмұны дұрыс құрылды ма?
-Егер қайта құрасытыратын болсаңдар, не қосар едіңдер?
-Қандай топтың сөйлемдері жақсы құрылған?
(Ө,Ж,Қ) «Мен –саған, сен-маған» әдісі
Оқушылар жұпта отырып, бір-біріне ашық/жабық сұрақтар құрастырып қояды және жұбының қойған сұрағына жауап береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 647



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі