Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту Әлемнің жеті кереметі (3 сынып, II тоқсан )

  Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту Әлемнің жеті кереметі (3 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу және айту. Әлемнің жеті кереметі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• сөзімізді жоспарлап, нормаға сай сөйлеуді үйренеміз;
• талапқа сай жылдам әрі көркем жазып үйренеміз;
• ережелерге сүйеніп, қателерді түзетеміз.
Оқиық. Бұл тапсырма сыныппен орындалады.
Тапсырманы қалай орындау керек?
Оқушылар мәтінді:
– мәтінді оқиды;
– мәтіннен «ең даңқты» деген тірек сөзді табады;
– ең даңқты сәулет ескерткіштері туралы айтылған сөйлемді табады;
– ең даңқты сәулет ескерткіштерінің аттарын дәптерге жазып алады.
– сурет бойынша «Әлемнің жеті кереметін» сипаттайды.
Дифференциация: мәтін мазмұнын қамтитын жетекші сұрақтар қояды және оны қолдау қажет ететін оқушыларға қоюы мүмкін.
Жетекші сұрақтар:
– Ертеде сәулет пен мүсін ескерткіштерінің ең кереметтері нешеу болған? (жетеу)
– Оларды қалай атаған? («Әлемнің жеті кереметі») деп атаған, себебі бұл сәулет ескерткіштеріне жететін туындылар болмаған.
Сөз мағынасын анықтайық.
Түсіндірме сөздіктен мына сөздердің мағынасын анықта: керемет, пирамида, аспалы бақ, шамшырақ.( Оларды қатыстырып сөйлем құрастырады. Дәптерге жазады. Оларды қатыстырып сөйлем құрастырады. Дәптерге жазады.) Бұл сөздер ауыспалы мағынада қолданыла ала ма? Мысал келтір.
Дифференциация: Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді:
Суреттерге сүйеніп мәтін мазмұнын айту үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұп ішінде мәтінді мазмұндау үшін олар мына нұсқаулықты басшылыққа алады:
– суретті мұқият қарайды;
– оның детальдарына (ерекшеліктеріне, орнына, ірілі­ұсақ бөлшектеріне) назар аударады;
– оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысын табады;
– мазмұндау кезінде назарға іліккендерді қосып айтуға тырысады.
Анықтайық.
Тапсырма негіздемесі. Бұл тапсырма арқылы оқушыларды түрлі тұжырымдамалық картаны қорғау үшін өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеуге үйрету көзделеді.
Тапсырманы қалай орындау керек?
Бұл тапсырманы орындату үшін «Тұжырымдамалық карта» әдісін қолдануға болады. «Әлемнің жеті кереметі» бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта «Әлемнің жеті кереметі» сәулеттерінің өзара ұқсастығын табатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға немесе жеті кереметтің дайын суретін жапсыруға болады.
Тұжырымдамалық картаны жасамас бұрын мына нұсқауды орындау маңызды болып саналады:
– қайсы қайсымен ұқсас екенін анықтап алу;
– олардың ұқсас детальдарын айқындап алу.
Жазайық.
Тапсырма «Үш түрлі күнделік» әдісімен жүзеге асырылады. Тапсырма төмендегідей ретпен орындалады.

Оқушы: 1­қадам бойынша «Әлемнің жеті кереметінің» өзін қызықтырған біреуінің атын жазады.
2­қадам бойынша «керемет, даңқты, әлемдік, алып» деген сөздерді қолданып, ескерткішті сипаттап жазады. Жұпта тірек сөздерді дұрыс қолданды ма деп тексереді.
3­қадам бойынша мұғалімнен немесе сыныптасынан білгісі келгені туралы сұрақты топта талқылайды.
«Ұсынайық» айдары бойынша «Үш түрлі күнделік» нәтижесімен сыныппен бөліседі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
 Жазғаныңды сыныптасыңа оқып бер.
 Сыныптасыңның жазған жұмысына пікір білдір.
 Оның жұмысының қандай маңызды тұсын атап өтер едің?
 Қате кездесті ме? Оны қалай түзетуге болады?
Білімді бекітуге арналған тапсырма
«Пазл әңгіме»
(әңгіменің немесе газет мақаласының параграфтарының қағазға басылған бөліктері)
Жеке немесе жұпта отырып тақырыпқа байланысты шағын әңгіменің бөліктерін біріктіруді, ынтымақтастықта жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.
Жеке оқушыға немесе жұптарға қағаздарға жазылған әңгіме бөлімдерге бөліп қиып таратылады. Мұғалім оқушыдан берілген бөліктерден әңгіме құрауын сұрайды. Соңында әңгіменің қорытынды бөлімін бермей, оқушының өзіне аяқтауға мүмкіндік беруге болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 913



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!