Қызық оқиғалы әңгімелерді жазу және айту (3 сынып, II тоқсан )

 Қызық  оқиғалы әңгімелерді жазу және айту  (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалы әңгімелерді жазу және айту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп әңгіме құрап айту
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сабақ мақсаттары: тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп әңгіме құрап айту
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• тірек сөздерді, жоспарды пайдаланып, әңгіме құраймыз;
• талапқа сай көркем әрі жылдам жазып үйренеміз;
• тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсінетін боламыз.
(Ж) Сөз мағынасын анықтайық.
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Бұл тапсырмада берілген сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен анықтап,сөздік қорын молайтады деп күтіледі.
Түсіндірме сөздіктен монумент, қалқан, даналық сөздерінің мағыналарын анықта.
Оқушылар берілген сөздердің мағынасын сөздіктен қарап, дәптерлеріне жазады. Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.
(Т) Топтастырайық.
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға арналған. Топта жұмыс істеу арқылы коммуникативтік дағдылары дамиды деп күтіледі.
Оқушылар топқа бөлінеді, тапсырманың шартымен танысады. Содан кейін оқушылар топта дауыстап берілген сөздерді оқиды. Топ мүшелері сөздерді мағыналарына қарай, жасалуына қарай немесе ғимарат суретіндегі орналасу ретіне қарай топтастыру немесе сабақтың тірек сөздеріне қатысты барлық идеяларымен бөліседі. Әр топ өздері тиімді деп шешкен шешімді қабылдап, сөздерді топтайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін сыныпқа қалай топтағандықтарын түсіндіреді.
Сөздердің 1­тобы: ана тілі, «Отан­Ана».
Сөздердің 2­тобы: ғұлама даналық.
Сөздердің 3­тобы: «Мәңгілік ел», Тәуелсіздік, қорған.
Сөздердің 4­тобы: бейбітшілік, қонақжайлық.
Сөздердің 5­тобы: сенімділік, тұрақтылық.
(Ж) Бірге орындайық.
Тапсырма негіздемесі: Берілген тірек сөздер арқылы және жоспарды пайдаланып, әңгіме мәтінін құрастыру дағдылары дамытылады.
Оқушылар сызбада берілген мәліметтерді оқи отырып, берілген жоспарды пайдаланып, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы әңгімелейді. Жүйелі баяндау үшін «Мәңгілік ел» қақпасының бас жағындағы мүсіндер туралы бір оқушы, қабырғасындағы мүсіндер туралы екінші оқушы әңгімелейді.
Жоспар:
1) Қақпаның бас жағы.
2) Қақпаның қабырғасы.
3) Қақпаның маңызы.
Айтайық
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы бойынша бар білімдерін жинақтау үшін миға шабуыл жасау, идеяларымен бір­ бірімен бөлісу үшін орындалатын тапсырма кезінде оқушылар бір­бірін үйретеді деп күтіледі.
«Миға шабуыл»
Оқушыларға стикерлер немесе түрлі­түсті қағаз бен желім таратып беру. Олар қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасайды және сол транспаранттарға тақырып бойынша (көз, құлақ, тіс, қисық, түзу, ауыр, терең, жеңіл, тағы да басқа деген сөздердің тура және ауыспалы мағынасына мысал) идеяларын жазады. Содан кейін оқушылардың орындарынан тұрып бейбіт ереуілге шығады.Сыныпты аралап жүріп, басқа оқушылармен өз идеяларымен бөліседі.
Жұмбақ шешейік!
Суреттерге қара. Қай сурет қай жұмбақтың шешуі бола алады? Олардың білдіретін мағыналары бірдей ме?
1.Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.
2.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Айтайық
Айтайық.
Тапсырма негіздемесі: Тура және ауыспалы мағыналы сөздер туралы теориялық және практикалық білімдерін дамытады.
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырады. Сөздердің тура және ауыспалы мағынадағы ерекшелігін меңгеру үшін берілген сөздер екі мағынада болатындай етіп, екі сөйлем құрастыру керек.
Қол, аяқ, жақсы, жаман, терең.
(Т) Жазайық.
Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Бұл тапсырмада оқу, тыңдау, айтып жатқа жаздыру, есте сақтау дағдыларын дамыту, топтарда кезекпен ынтымақтастықта жұмыс жасау, қарым­қатынас дағдыларын оңтайлы қолдану көзделеді.
«Қабырға диктанты» әдісі арқылы орындатылады. Сынып 4­6 адамдық топтарға бөлінеді. Әр топқа мәтіні бар түрлі­түсті парақ береді. Парақтарды оқушылар отырған жерден аулағырақ қабырғаға іледі. Оқушыларға қабырғадағы түрлі­түсті қағаздағы мәтіндерді мейілінше жылдам өз дәптерлеріне түсіру екенін түсіндіреді. Әр топтан бір адам мәтіндеріне барып, оның бір сөйлемін оқып, есіне сақтап, содан кері өз тобына келіп, басқаларға оқып беруі тиіс екенін түсіндіріп, көрсетеді. Оқушылар кезекпен қабырғадағы парақта жазылған мәтіннің бір сөйлемін тобына есіне сақтап әкеліп жазғызады. Бір оқушы қайтып оралып әкелген ақпаратын айтып жатқанда, келесі оқушы қабырғаға бет алуы керек. Оқушылардың жазбаларында қателер болуы қорқынышты емес. Олар қалдырып кеткен жерлерді артынан қабырғадағы парақпен салыстыра отырып толықтыра алады. Сонымен бірге «Табайық» айдарындағы тапсырма да осы тапсырманың жалғасы болғандықтан бірден жалғастырып кетеді. Тапсырманың шарты бойынша мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөзді табу керек. Ол үшін оқушылар жазған мәтіндерімен жұмыс істейді. Олар мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөзді табу үшін жеке жұмыс істейді.
Мына талаптарды сақта:
1) көлбеу және үзбей жаз;
2) әріптерің біркелкі болсын;
3) тезірек жазуға үйрен.
«Мәңгілік ел» қақпасы – ерекше сәулеттік-монументалды туынды. Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Монументтің қабырғасында мүсіндер бар.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Жеке орындалатын тапсырма. Оқушыға сабақта сәулет өнері туралы алған білімі негізінде сыныптастарына хат жазу тапсырылады.
«РАФТ» стратегиясы
Р – оқушы
А – сыныптастарына
Ф – хат
Т – сәулет өнері туралы....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 765



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі