» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №7 сабақ.Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Қожа Ахмет кесенесі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіреді
• сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
• қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі
Оқушылардың көпшілігі:
• бейнематериал бойынша мәтін мазмұнын болжайды, мазмұндама жаза алады
• қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• диалогке белсенді қатысады;
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды
Оқушылардың кейбірі:
• бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды
• диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады
• көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Әріптерді үйреніп,
Білімді шәкірт боламыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінді көшіріп жаз. Туынды сөздердің астын сыз. Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.
Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық. Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сәулет өнері туралы не білесіңдер?
Сәулет өнері – адамдардың жайлы және сәнді өмір сүруі үшін әртүрлі нысандар мен үй-жайларды салу өнері.
Сәулет өнерінің қандай туындыларымен таныстық?
Архитектура мен құрылыстың айырмашылығы неде?
Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.
3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Кесене Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Даналық кітабы» атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, құлшылық
етуге шақырып уағыздар айтылған. 63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін жалғастырады. Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласы – Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды.
(Ж) Жұпта тыңдаған немесе оқыған мәтіні бойынша бір-біріне сұрақ қою, жауап алу.
Сұрақтар:
1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан?
2. Қожа Ахмет Яссауи кім болған?
3. Даналық кітабы неден тұрады? т.с.с.
(Ө) Тыңдаған немесе оқыған мәтінінің ең қызықты тұстарын белгілеп алу. Жоспар арқылы мазмұндама жазу.
(Ұ) Бейнематериал тамашалау.
Келесі бір сәулет өнерінің туындысы Жаркент мешіті. Мешітке байланысты видео көрсетіледі. Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Сабақ мақсатына сәйкес, бейнематериал бойынша мешіт туралы оқушылардың ойлары сұралады. Әрбір оқушы өз көзқарасын білдіреді, пікірталасқа қатысады. Ой қорытындысын жасайды.
Тыңдаған материалынан таныс емес сөздерді белгілеу үшін мұғалім «Мәтіндегі мәліметтердің ең қажеттісін есіңе сақта» дей отырып, «Әңгіме саған қандай әсер қалдырды?», «Мәтіннің қай тұсы саған түсініксіз?» сұрақтарын қояды
Түсіп қалған сөздерді орнына қойып, мәтінді оқы.
Сөздер: ескерткіш, қоршалған, мешіт, қақпасы
Жаркент мешіті - 1892 - 1995 жылы Жаркент қаласында салынған ... Сәулетшісі Хон-Пик. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра... Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. ... ауласының солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе орналасқан. Оңтүстік және солтүстік қапталында үлкен ... бар.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 4 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №4-сабақ Наурыз көже мазмұндама жазу (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Лай судағы тіршілік (3 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Лай судағы тіршілік (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім  (3 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Әңгімелеуді үйрендім (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №10-сабақ Мазмұндаманы тексеру (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 14 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Арыстан баб кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 14 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Арыстан баб кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №48-сабақ Түбір мен қосымшаның жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі), сабақ жоспары №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили к, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №7 сабақ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады Мысалы Қожа Ахмет кесенесі) (3 сынып, II тоқсан )