» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ  БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ  БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады
Оқушылардың көбі:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады
Оқушылардың кейбірі:
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық ахуал.
«Кім зерек?» ойыны.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. (Мақал)
2. Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. (Мәтел)
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.4.2.7 (МК, Ұ, Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.
Тапсырма 1. Жасырынған сөздерді тап.
Өнер ... (өрге) жүргізеді. Еңбек ... (ептілікті) сүйеді. Асыл тастан ... (шығады), ақыл жастан ... (шығады). Ер қадірін ... (ел) білер, зер қадірін зергер ... (білер).
Тапсырма 2. Көп нүктенің орнына қойған сөздердің қандай сөйлем мүшесі екенін анықта.
Тапсырма 3. Мақалдарды сөйлем мүшелеріне талда. Тиісті сызықтармен астын сыз.
Тапсырма 4. Мақалдарды оқы. Мағынасын түсіндір. Сөйлем мүшелеріне талдайды.
(МК) Мақал-мәтелдің– бейнелі және мәнерлі сөйлеу құралы екендігі және мақал-мәтелдердің сөйлеммен берілетіндігі түсіндіріледі.
3.2.4.1 (МК, Ө, Қ) Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтау.
Тапсырма 1. Оқушыларға кілт сөздер беріледі. Тірек сөздер бойынша мәтіннің тақырыбын, мазмұнын және негізгі ойын анықтайды.
Тірек сөздер: Ыбырай ата, «Таза бұлақ» әңгімесінде айтылғандай, әрбір бала, көрсең, көзін аш, ғанибет, бабалар өсиеті.
Тапсырма 2. Оқулықтың 117-бетінде берілген «Бұлақ көрсең, көзін аш» мәтінін оқиды. Мәтіннің неліктен осылай аталғанын түсіндіреді. Негізгі ойды анықтайды. (Табиғатты қорғау бабалар аманаты болып табылады)
3.4.2.8 (Ұ, Ө, Қ) Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Тапсырма 3. «Дұрысын тап» ойыны арқылы жүргізіледі. Қарамен берілген сөздерді дұрыс нұсқасына ауыстыр. Мақалдың мағынасын аш. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдыр.
1. Ұрпағы жаман ел тозбайды. (жақсы)
2. Әдептілік белгісі - тұрып сәлем бергені. (иіліп)
3. Халық құрметінен асқан бақыт жоқ. (байлық) 4. Ұқыптының киімі тозбас, (тоны) Ұқыпсыздың жұмысы оңбас. (ісі)
5. Қыс қамын ертерек дайында. (жаз ойла)
6. Жалған сөз өрге баспайды. (Өтірік)
Үлгі:
Жайылма сөйлем Жалаң сөйлем
1. Ұрпағы жақсы ел тозбайды. Ел тозбайды
Тапсырма 4. «Сұраққа жауап бер» әдісімен жұмыс жүргізіледі. Дұрыс жауабын тауып, мақал-мәтелді аяқтайды. Мақалдардың жалаң немесе жайылма сөйлем түріне жататындықтарын анықтайды. Сұрақ қою арқылы дәлелдейді.
1. Күлме кімге? (досыңа)
Келер басыңа.
2. Талаптыға не (нұр) жауар?
3. Тіл не (бас) жарады?
4. Қандай (Балалы) үй базар
5. Көрдім деген неше (көп) сөз,
Көрмедім деген неше (бір) сөз.
Үлгі:
Күлме досыңа
Келер басыңа.
Кім күлме? (Сен, бастауыш жасырын тұр)
Сен не істеме? (күлме, баяндауыш)
Кімге күлме? (досыңа, тұрлаусыз мүше).
3.4.2.7 (Ұ, Т, Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.
Тапсырма 5. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. «Жалғасын тап» ойыны жүргізіледі. Тапсырманың реттік нөміріне сәйкес әр топ екі мақалдан таңдап алады. Мақалдардың бір бөлігі беріледі, оқушылар екінші (жақшаның ішіндегі) бөлігін табады. Мағынасын ашады.
1. Әдепті бала – (арлы бала)
Әдепсіз бала - (сорлы бала).
2. Жақсы бала – (қуаныш)
Жаман бала - (өкініш).
3. (Балаң жаман болса), көрінгеннің мазағы.
4. Өтіріктің құйрығы (бір-ақ тұтам).
5. Жақсыдан (үйрен), жаманнан (жирен).
Тапсырма 6. Өз таңдаулары бойынша бір мақалды жайылма сөйлемге толықтырып жаз. Құрастырған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 6 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 60-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 58-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12- сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12- сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ  Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №11-сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ, сабақ жоспары № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 62-сабақ БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ (3 сынып, II тоқсан )