» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 56-сабақ. Тұрлаусыз мүшелер
Оқу мақсаты: 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
-үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысалдар келтіре алады.
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылар 1,2,3,4 деп, төрт топқа бөлінеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
Тақтадан қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері беріледі. Оқушылар берілген тұлға бойынша қысқаша мәлімет береді. Мұнда бейнеленген тұлғалардың ішінен кімді танитындары, олар туралы қандай дерек білетіндері, ол адамдар немен айналысатыны, олар туралы ақпарат қайдан естігені, көргені, тыңдағаны анықталады. Топта талқыланған соң, 1 минут ішінде бір тұлға туралы дерек айтады. Бұл тапсырма әрі қарай «Ойлан, салыстыр, бөліс» әдісі арқылы орындалады. «Берілген суреттерде қандай байланыс бар?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар жауап беру үшін алдымен ойланады, әр суретті салыстырады, соңынан топ мүшелерімен ой бөліседі.
- Осы ірі тұлғалардың бейнесін ұрпақ ұмытпай есте қалдыру үшін не істейді? (Оқушылар ойларын айтады.... ескерткіштер орнатады)
-Сонымен қатар осы төрт ірі тұлғаны біріктіріп тұрған –ол бір мүсіншінің ескерткіш сомдауы. Оның кім екенін білу үшін оқулықтағы мәтінге назар аударайық.
-Ескерткішті неден жасайды?
-Ескерткішті жасайтын адамды кім дейді?
3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
(Ө.Ж.Т).Оқушылар оқулықта берілген 21-жаттығуды орындайды. Ең алдымен, оқушылар іштей оқиды. Содан соң бөліктер бойынша оқытылады. Мәтін мазмұнын түсіну үшін «Ыстық орындық» арқылы сұралады. Оқушыларға тапсырма беріледі.

Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев
1.Сөздікті пайдаланып, мәтінде қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Іссапар_________________________________________
Көркемсурет____________________________________
2.Мәтінге сүйеніп, кестені толтырады.
Хакімжан Наурызбаев кім?
Ол алғашқы мүсіндерін неден жасады?
Оның шебер мүсінші екенін кім байқады?
Ол жас кезінде қандай болған?
Хакімжан Наурызбаев қайда оқыды?
Дескриптор:
- сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды;
- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап, кестеге түсіреді.
Оқушылар алдымен жұпта орындайды. Содан соң жазғандарын топ мүшелерімен салыстырады. Топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды. Қалған оқушылар өз жазғандарымен тексереді.
Қалыптастырушы бағалау өзін–өзі бағалау арқылы жүреді. Соңынан жұмыс парақшалары жинап алынады.
Саралау. Өз ісінің хас шебері дегенді қалай түсінеміз?
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
Оқушыларға ертегі айтылады.
Ерте, ерте ертеде Сөйлем деген үлкен елде сөйлем мүшелері өмір сүріпті. Сөйлем мүшелері бес ұрпақтан тарапты. Оның екеуі бөлек шығып, Тұрлаулы мүшелер елдімекенін құрыпты. Олардың есімдері Бастауыш пен Баяндауыш екен. Қалған үш баласы бірігіп, Тұрлаусыз елді мекені болыпты. Негізгі басшылықты Тұрлаулы мүшелер алыпты. Олардың өз егіндері, мал-жайы болыпты. Тұрлаусыз мүшелер Бастауыш пен Баяндауышқа келіп тұрады екен. Кейде ұзақ уақыт болып кетеді. Тұрлаулы мүшелер олардың келгендеріне қатты қуанады. Халық та түгел жиналып, ұлан-асыр той жасайды екен. Осылайша сөйлем мүшелерінің Тұрлаулы және Тұрлаусыз мүшелері тату-тәтті өмір сүріпті. Тұрлаусыз мүшелерінің есімдерін өскен кезде қояды Олар сөйлем ішінде Бастауыш пен Баяндауыштан басқа сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Ермек ескерткіш жанына келді.
Оқушылармен бірігіп отырып, сөйлем мүшелеріне талданады.
1. Тұрлаулы мүшелерді тауып аламыз: бастауыш пен баяндауыш.
2. Қалған сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер болады.
Не істеді ? келді- баяндауыш
Кім келді? Ермек – бастауыш тұрлаулы мүшелер
Қайда келді? ескерткіш жанына –тұрлаусыз мүше.
Тақтадан «Сөйлем мүшелерінің» сызбасы көрсетіледі.
«Өзіңді тексер» айдары бойынша берілген сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырады.
Сабыржан (қайда?) келді.
Оқушылар (кіммен?) кездесті.
Әсем (нені?) орындап қойды.
Анам (кіммен?) кетті.
Әділет (нешеге?) толды.
Қажет сөздер: үй тапсырмасын, мүсіншімен,онға, ініммен, мұражайға.
-Тұрлаулы мүшелер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
-Тұрлаусыз мүшелер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Сергіту сәті. Оқушылар қөз жаттығуын орындайды. Мұғалім оңға, солға, жоғары, төмен қарату арқылы көз жаттығуын жасатады.
(Ж.Т) Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, «Шебер жазушылық» әдісі бойынша оқулықтағы 22-жаттығуды орындайды.Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Топпен ақылдаса отырып, сөйлем мүшелеріне талдайды. Саралау оқушылар мәтін бойынша төртінші сөйлемді құрастырады; сөйлем мүщесіне талдауға сөйлемдер беріледі.
Дескриптор:
- сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қояды;
- кіші әріппен жазылған сөздерді бас әріппен түзетіп жазады;
- сөздерді сауатты жазады.
- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;
- тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау өзара тексеру арқылы бағаланады. Топ ішінен бір оқушы шығып, сөйлемді оқиды. Қалған оқушылар топтаса отырып, жазғандарын тексереді. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 8 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 6 сабақ Ұлы Отан соғысы батыры туралы сабақ (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша  (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер, сабақ жоспары № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 56-сабақ Тұрлаусыз мүшелер (3 сынып, II тоқсан )