Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

 Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Оқу мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.4.2.7* сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;
- сөйлем мүшелері ұғымымен танысады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
- диалогке белсенді қатысады;
- сөйлем мүшелерін ажыратады;
-жіберілген грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
- сөйлем мүшелерін сұрақ қою арқылы ажыратады;
- жіберілген грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Сәулет» сөзін табады.
с а ә н у з л и е т
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Ұ) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Оқушыларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Берілген түстер бойынша топқа бөлінеді. Топта оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіреді. Бұл тапсырма «Миға шабуыл» әдісі бойынша жүргізіледі.
Сәулет
ғимаратты жобалайтын маман.
Сәулет өнері
құpылыстағы бейнелі өнеp, аpхитек¬туpа
Сәулетші тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар,мемориалдық ескерткіштер.
(Ө,Ж) 1-жаттығу. Мәтінді іштей оқу. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыру. Сұрақтарды жұбына қою, өзара жауап беру.
2. (Ж) Сурет бойынша «Сәулетші» тақырыбында диалог құрастырады. Бұл тапсырма «Еркін хат» стратегиясы арқылы жүзеге аса¬ды. Оқушы алдымен сурет бойынша тірек сөздерді таңдап алады. Содан кейін жұбымен ойласып, тақырыпқа қажеттісін іріктейді де, қажетсізін сызып тастайды. Одан әрі «Тоғысқан пікірталас» әдісімен жалғасады. Оқушы¬лар жұптаса отырып, бір-біріне сұрақ дайындайды. Жауабын іздейді.

Дескриптор:
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; - сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.
3. (Т). Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. Тапсырма сөйлемде берілген ойды аяқтап жазу. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып, сөйлемді толықтырады. «Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сөйлемдерін тексереді. Құрастырылған сөйлемдерді топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар сөйлемдерді тексеріп, жапсырма қағазға пікірін жазады.
1-топ.Сөйлем ішінде сөздер мағыналық жағынан ...
2-топ.Сөйлем аяқталған ........
3-топ. Сөйлемнің бірінші .......
4-топ. Сөйлемнің соңына ......
4.(Ж).Оқушылар жұптаса отырып, берілген сөздерден сөйлемдер құрастырады.
1) Барды, Асқар, құрылысқа. Асқар құрылысқа барды.
Оқушылар әр сөзге сұрақ қояды.
- Сөйлемде қанша сөзге сұрақ қойылды?
- Үш сөз сөйлемнің мүшесі болады. Сөйлем құрамындағы сөздер нақты сұраққа жауап беріп тұр және әр сөздің толық мағынасы бар.
2)Үйлер, қалада, салынды, биік.
-Бұл сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар?
-Төрт сөйлем мүшесі бар екенін қайдан білдіңдер?
- Сонымен сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Оқушылар мұғаліммен біріге отырып қатемен жұмыс жүргізеді.Себебін дәлелдейді.
Ұлан үйге кірді (3 сөйлем мүшесі бар).
Әкем құрылыста кірпіш қалайды (үш сөйлем мүшесі бар)
Сергіту сәті жүргізіледі.
Қолда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйген
Құрылысшы боламын.
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Өз қаламнан аумайтын
Әсем қала саламын.
(Ө)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Оқулықта берілген 4-жаттығу орындалады.
Оқушылар жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жазады. Екінші сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар екенін табады. Күрделі баяндауышты табады. Сөздердің үстіне сұрақтарын жазады. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне жеке орындайды.
Дескриптор:
- жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай өзгертіп, түзетіп жазады;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар ләйлек пен көкқұтанды салыстырады. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Оқушыларға кесте беріледі. Кесте бойынша 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
Ләйлек, дегелек
Көққұтан
Мойны тік Мойны иілген
Бойы 120 см, массасы 4кг. Бойы 100 см, массасы 2 кг.
Өмір сүру ортасы-
су қоймаларынан алыс Өмір сүру ортасы-
су қоймалары, батпақты жерлер
Ұясы – биік жерде Ұясы – жерде
Жүзе алмайды Жүзеді
Қорегі – жәндік, тыышқан, жылан, бақа Қорегі – балық
Күндіз Күндіз де, түнде де
Адамдарға жақын Адамдардан алыс
Дауыс жоқ, тек тұмсығымен тоқылдату Дауысы қатты
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалайды. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 874



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі