» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: № 49-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады; түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; түбір мен қосымшаның жазылуын біледі
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;
-туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;
-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Кім тапқыр?» Жұмбақтар шешу.
1. Бойлаған сайын тереңге, шығасың биік белеңге.
2. Оны алмасан, оңалмайсың, алсаң, ұстап көре алмайсың.
3. Ақыл-ойдың шырағы, зәулім көктей шынары. Биігіне бойлаған, қанбайды адам құмары.
Жұмбақтардың шешімін тапқызу. (Білім)
«Білім» сөзімен «сабақ» сөзінің байланысын анықтау.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.3.1 (Ұ; Қ) Оқылым.
(Ө; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазу. Мәтінге ат қою. Мәтін түрін анықтау.
Оқушылар мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
Сұрақтар үлгісі:
1. «Сабақ» сөзінің бастапқы мағынасы қандай?
2. «Сабақ» сөзі қай тілден енген?
3. «Сабақ» сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?
4. Мәтінде не туралы айтылған?
5. Мәтінді қалай атауға болады? Не себепті? («Сабақ» сөзінің мәні).
6. Мәтін түріне қарай ажырат (Әңгімелеу мәтіні).Өз ойыңды дәлелде.
Жұмыстарын топ бойынша «Екі жұлдыз,. бір тілек» әдісімен бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-өз ойын негіздеп жауап береді.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жазылым.
2. Жұмбақты оқиды, шешуін табады.
Жұмбақты көшіріп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.
Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу және таза жазуы қадағаланады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
(МК, Ө, Қ) «Морфологиялық ширату». Кестемен жұмыс. Өзін – өзі бағалау.
Тапсырма 1. Кестеге берілген сөздерді дұрыс орналастыр.
Сөздер: Ақын, ақылды, тоғай, көкшіл, еңбек, сәулетші, жарық, еркіндік.
Түбір сөздер Туынды сөздер
Тапсырма 2. Берілген сөздердің біреуін таңдап алып, түбірлес сөздер қатарын жаса. Мысалы: Көк, көкшіл, көкпеңбек, көгілдір т.б.
Тапсырма 3. Берілген сөздердің біреуін қатыстырып жай сөйлем құра.
Ескерту. Сөйлем құрамында зат есім, сын есім, етістіктер және көмекші сөздерді қолдану ұсынылады.
Мысалы: Көк аспанды бұлт торлап, жел тұра бастады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 7 |


Загрузка...