» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 5-сабақ. Сөйлем мүшелері
Оқу мақсаты: 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастырады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,
- контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
Оқушылардың көбі:
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
- контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын анықтамалық материалдар арқылы ашады;
Оқушылардың кейбірі:
- сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдерді құрастырады
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
- контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Жүгіртпе» мұғалім уақытқа қатысты сөйлемдерді айтады, оқушылар қажетті сөздерді қосады
Бір жылда неше ай?
Бір сағатта неше минут?
Бір ғасырда неше жыл?
Ақпан айында неше күн?
Бір аптада неше күн?
3.4.2.7 (Ұ) «Сөйлем» тақырыбына кластер жасау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мәтінді оқып, көшіріп жаз.
Анам ерте тұрады. Ол таңғы ас әзірлейді. Біз тамақтанамыз.
Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
Кім? Қашан? Не істейді?
Үлгі: Анам ерте тұрады.
3.3.6.1 (М,К) Ереже.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:
Кім? Қайда? Не істеді?
Ілияс тақтаға жазды.
Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жаз. Сөйлем мағынасында болған өзгерісті аңғар.
Серік келді. Дина ойнады. Сиыр ішті. Балалар терді.
Керекті сөздер: сабақтан, су, доп, жидек.
Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Бір, екі, үш, төрт,
Шегірткедей ыршийық,
Ыршып-ыршып, тыншиық.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
- Қандай теледидар бағдарламаларын көресіңдер?
- Қандай танымдық Отандық теледидар бағдарламасын білесіңдер?
- Астаның уақыты бойынша «Қазақстан» каналынан таңертең сағат 07.00-ден сағат 10.00-ге дейін болатын қандай бағдарламаны білесіңдер?
(Ұ,Ө) Сағаттың шығу тарихы туралы бейнематериалды көру. Өз бетінше жаңа маңызды мәліметтерді түртіп алу.
Таңшолпан бағдарламасы дайындаған «Сағаттың шығу тарихы» бейнематериалы (тек 0:14-1:56 уақыт аралығы) ұсынылады.
https://www.youtube.com/watch?v=bfqqMECoYn
Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:
- «Уақыттың қадірі» дегенді қалай түсінуге болады?
- Ертеде адамдар уақытты қалай ажыратқан?
- Сағаттың қандай түрлері пайда болды?
- Неге күн арқылы уақытты анықтау қиын болды?
- Мектептегі қоңыраулар мен шырылдауық сағаттардың ерекшеліктері қандай?
- Сөйлем неден тұрады?
- Тыныс белгісіне қарап сөйлемді қалай ажыратамыз?
- Барлық сөйлемнің айтылу интонациясы бірдей ме?
3.2.5.1 (Т) Кестені толтыру мақсатында бейнематериалды қайта қарау. Жинақтаған мәліметін таныстыру.
Алғашқы сағат түрлері Су сағаты туралы мәліметтер Ең сапалы сағат өндіретін ел
Топтардың мәліметтерді түртіп алуын қадағалайды, қажет жағдайда қайта көрсетеді. Таныстыру барысында топтардың бірін-бірі толықтыруына, сұрақ қоюына мүмкіндік беріледі.
Мұғалім таныстыру барасындағы әр топтың рөлін бөліп береді. Мысалы:
1-топ:таныстырушы
2-топ: толықтырушы
3-топ: сұрақ беруші
4-топ: талдаушы.
(Т,Қ) Сағаттар түрлерін уақыт хронологиясы бойынша орналастыру.
Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау.
1-топ: «Құм сағаты»
2-топ: «Су сағаты»
3-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»
4-топ: «От сағаты»
Мәліметтерді жүйелеп, жарнама жасау.
Дереккөздер үлгісі:
Уақыт туралы
Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.
Құм сағаты
Құм сағаты екі шыны сауыттан тұрады. Олардың тұтасқан тар мойыны болады. Құм жоғарғы сауыттан төменгі сауытқа сусып ағады. Содан кейін сағатты айналдыру керек. Айналдырғаннан кейін осы үдеріс басынан басталады. Құм сағаты уақытты дәл көрсетеді. Бірақ та оларды белгілі бір уақыттан кейін айналдырып отыру керек. Сол себепті олар қолданыстан шыға бастады.
Қазіргі уақытта құм сағаттарын тек кәдесый ретінде, дәрігерлік емдеу шараларын өткізуде қолданады.
Су сағаты
Су сағаттарының механизмі құм сағаттар тәрізді болған. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұрған. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсету үшін суын еселеп құйып отырған. Су сағатының түрлері XVII ғасырға дейін қолданыста болған.
Қазіргі заман сағаттары
Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады. Яғни уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.
Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.
Кварц «маятникті» сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін «маятниктер» іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 14 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 5-сабақ Сөйлем мүшелері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 5-сабақ Сөйлем мүшелері, сабақ жоспары 5-сабақ Сөйлем мүшелері 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 5-сабақ Сөйлем мүшелері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 5-сабақ Сөйлем мүшелері (3 сынып, II тоқсан )