1-сабақ Уақыт туралы не білемін (3 сынып, II тоқсан )

 1-сабақ Уақыт туралы не білемін (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) 3 қатардағы оқушыларға стикерлер таратылады, онда олар күнделікті істейтін әрекеттерін жазады. Таңертең - Түсте – Кешке Мысалы: жуынамын, тамақтанамын т.с.с.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(Ж, Т) «Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы.
Уақыт туралы не білеміз? ББҮ кестесінің бірінші бағанын толтыру.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
- Қандай құстың суреті?
- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (Әтеш)
Сурет бойынша «Таңды іздеу» ертегісінің мазмұнын болжауды ұйымдастырады.
3.1.2.1 (Ұ, МК) Ертегіні тыңдау және өз болжамының сәйкестігін тексеру. Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алу. ББҮ кестесінің екінші бағанын толтыру.
Сөздік жұмысы ертегіні оқу барысында жүргізіледі: күндердің күнінде, қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң.
Таңды іздеу
(Бразилия ертегісі)
Күндердің күнінде бір адам өз жұмысымен алыс сапарға аттанады. Қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, анадайдан шам жарығы көрінген үйге жақындап кеп, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иелері қонақты құшақ жая қарсы алып, тамағын беріп, сыйлап, төсек ұсынады. Алайда олар кешкі тамақтан соң бір жаққа жинала бастайды.
– Мына қараңғы түнде қайда барасыздар? – деп сұрайды жолаушы.
– Біз таңды іздейміз, – дейді үй иесі. Ештеңені жөнді түсінбеген ол жан-жағына қараса, әлгілер қолдарына бір-бір бос қап ұстап, үйден шығады. Алдында отағасы, артынан отанасы, балалары, енелері, аталары тізіліп, асыға қараңғылыққа сүңгігендеріне қарап тұрып, қонақ та жолға шығады.
Жүре-жүре бірнеше сағаттар өткенде таң алаулап ата бастайды. Бір кезде әлгілер қаптарын ашып, таңның жарығын салған сияқты қимыл жасап, артынша аузын буып, кері қайтады. Олар үйге қайтып оралғанда таң да атады. Үй иелері қаптарының аузын ашып, оны сілкіп-сілкіп жібереді. Таңдана қараған жолаушы жақын келіп сұраса: – Біз таңды алып келдік. Өзіңізге айтып едік қой, – дейді олар. Қонақ басын шайқап, қоштасып жолға шығады.
Қайтар жолында әлгі адам инабатты үй иелеріне бір әтешті алып келеді.
Бұл сіздерді таңды іздеуден құтқарады. Биік жерге қонақтатыңыздар. Оның бірінші шақырғаны – «таң әлі алыс» дегені, екінші шақырғаны – «таңның жақындағаны», ал үшінші шақырғанда таң өзі аулаға кіріп келе жатады. «Бұл құстың аты – Әтеш», – дейді жолаушы. Сөйтеді де әтешті жерге қоя береді, ол «ку-ка-ре-ку» деп шақырып жөнеледі. Алғашқыда қорыққанмен, бірте-бірте бойы үйреніп, үй иелеріне әтешті алып, алғысын айтады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 176



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі