Таныс әңгімені баяндаймыз (3 сынып, I тоқсан )

 Таныс әңгімені баяндаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Таныс әңгімені баяндаймыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
• Диалогқа қатысады
• Әңгімені тыңдағанда әуеннің көңіл-күйді жасайтынын байқайды
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
• Диалогқа белсене қатысады
• Тиімді әңгіме техникаларын анықтайды
Кейбір оқушылар істей алады:
• Диалогтағы хатшы, репортер, көшбасшы немесе бақылаушы рөлін орындауды
• Әңгімеде қобалжушылық немесе шиеленіс жасайтын техникаларды таниды.
Сабақ барысы: (Ұ) Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
(Ұ) Ең үздік грамматик ойыны. Өткен сабақтарда өткен материалдар бойынша бірнеше сұрақтар қою. (сөз таптары, синоним, антоним,омоним сөздер, сөз құрамы,жай және жайылма сөйлем,ресми және бей ресми мәтіндер)
Үй тапсырмасын тексеру. 1-2 оқушыдан сұрау. Оқылған жұмыстарына өзіндік баға бергізу. Бірін-бірі бағалау жұмыстарын жүргізу.
(Ұ) «Ой қозғау»
1) Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.(хат)
2) Сәлем алып, алыстан,
Туысыңнан, таныстан,
Келетұғын, хат - хабар
Қай әріптен басталар? ( х әріпі)
- Хат деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
- Хор деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
(Ж) Сөздік диктан.
Жиһангер,хат,кедей,нан,хоккей,айдаһар,гауһар,хабар,халық,бай,жақсылық,жамандық.
Бірін-бірі бағалау. Өзін-өзі бағалау.
(Ұ) Жақсы мен жаманды айыра білемін.
(МК,Ұ) Бір үзім нан
1. Тақырып бойынша мағынаны тану.
2. Негізгі ойды анықтау.
3. Тақтаға жазу.
4. Жанрдың қай түріне жатуы мүмкін?
5. Мәтіннің қай түріне жатуы мүмкін?
Оқушы жауаптарын тақтаға жазып тұру.
Бір үзім нан
(ертегі)
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі.
- Ары қарай оқиға қалай өрбиді деп ойлайсыңдар?
Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: - Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай ...
- Осы жолы оқиға қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
- Мәтін жанырдың қай түріне жатады екен? (Ертегі)
- Кімнің жауабы дұрыс болды?
(смайликтер)
-Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?
-Балалар ертегінің негізгі ой неде ? Қалай ойлайсыздар ?
(ЖЖ) Жұппен бір-бірімізге бұрылып, ертегі бойынша 3 сұрақ қояйық.
1. Басты кейіпкерлер кімдер?
2. Ертегінің негізгі ойы неде?
3. Ертегі авторы?
(Ж)Енді ертегіні зерде кестесіне салып көреміз. Ол үшін сіздерге мынадай критерийлерді ұсынғалы отырмын.
Ертегі тақырыбын.
Ертегі авторын .
Қай ақпарат көзінен алынғанын жазасыз.
Не туралы? Негізгі ойды.
(Ұ) Бірін-бірі бағалау. Егер .
-Ертегі тақырыбын жаза алады. «Бір үзім нан»
- Ертегінің авторын анқытай алады. Халық ауыз әдебиеті.
-Ертегінің негізгі ойын анықтай алады. «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» немесе Жақсыдан үйрен жаманнан жирен......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 688



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі