Кейіпкерлерді сомдаймыз Қамқор болып жүрейік! (3 сынып, I тоқсан )

 Кейіпкерлерді сомдаймыз Қамқор болып жүрейік! (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлерді сомдаймыз. Қамқор болып жүрейік!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетінсақтап диалогке қатысу;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.
Сабақ мақсаттары: Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап беруді үйренеді;
Өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыланады; щ дыбыстары бар сөздердің емлесін меңгереді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 62–63 беттер. Жұмыс дәптері: 31­бет
Ойымызбен бөлісейік.
Тапсырма жұпта орындалып, содан кейін сыныпта жарияланады.
Суреттерге қарап, жұпта ой бөліседі. Содан кейін ойларын сыныпта айтады. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда сыныпта еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.
Оқиық және жауап берейік.
Тапсырманы оқушылар сыныппен орындайды.
Оқушылар мәтінді оқиды. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс жасайды. Кейіпкерге сипаттама береді. Кейіпкердің қамқорлығы мен қажырлы еңбегі арқылы оның қандай адам екенін мәтіннен дәлел келтіріп айтуға бағыттау керек.
Саралау.
Дифференциация.
Кейіпкерге сипаттама беру кезінде қабілеті төмен оқушыларға мынадай кесте ұсынуға болады.
С.... Е.... Қ.... М.... А....
Оқушылар сипаттама беруде осы әріптен басталатын сөздер арқылы сипаттама береді. Толтырып болған соң бір­бірінің кестесімен салыстырып толықтырады.
Қабілеті жоғары оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
Бірге орындайық.
Щ әрпі бар сөздердің емлесін және оларды орынды қолдана білу біліктері жетілдіріледі. Тапсырманы бүкіл сынып болып орындайды.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап болған соң, щ дыбысы бар сөзді табады. Ащы сөзін қатыстырып ауызша бірнеше сөз тіркестерін құрастырады.
Мысалы, ащы тер, ащы тағам, ащы дәрі т.б.
Щ дыбысы бар басқа да білетін сөздерін айтады. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.
Бұл тапсырмада Щ дыбысының емлесімен танысады.
Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Грамматикалық қоржындағы мәліметті оқиды. Алдыңғы тапсырмада өздері айтқан щ әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық.
Тапсырманы топпен орындайды. «Қабырғадағы сұлба» әдісі арқылы орындалады. Кейіпкер сұлбасы(ер адамның) беріледі немесе оқушылар өздері салады. Оқушылар төрт адамнан тұратын шағын топтарда жұмыс жасайды. Олар Нұржаубек атаны басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Ал сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады. Осы әдіс арқылы кейіпкерге халықтың ризашылығы және кейіпкердің қамқор көңілі жайында ой түйеді. Осының негізінде оқушылар кейіпкерге арнап, алғыс хат жазады. Топта жазып болған соң сыныпқа оқып береді.
Саралау.
Дифференциация.
Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер ұсыну.
Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасау кезінде сынып ішінде еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.
-Айналасына қамқорлық жасау барлық адамның қолынан келе ме? деген сұрақ беріліп талқылау жүргізіледі.
«Көрінбейтін қамқоршы» ойынын ойнату. Қағазға оқушылардың аттары жазылып, бүктелген қалыпта оқушыларға үлестіреді. Кімнің есімі шықса, сол адамға айтпай, білдірмей бір ай бойы қамқорлық көрсетіп жүру тапсырылады.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Ол үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.
ҚБ тапсырмасын орындату.
Тапсырма
Жұмбақтарды оқып, жауабын жаз.
Жауабы: _______________
• Сөз қай дыбыстан басталған? Осы дыбысқа қатысты 2 сөз жаз.
Жауабы: _______________
• Құрамында осындай әрпі бар 3 сөз жаз.
Дескриптор Білім алушы
- жұмбақтың шешуі болатын сөзді қатесіз жазады;
- екінші жұмбақтың шешуін табады;
- ч әрпі бар сөздерді жазады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 860



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?