» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін. Сипаттау мәтінін жазамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.1.1 жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- сурет арқылы, жоспар бойынша берілген сөздер, сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
- үлгі негізінде есте сақтап, сөздерді сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- суреттер арқылы, жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып сипаттау мәтінін құрап жаза алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- сипаттау мәтінің және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- суреттер арқылы, жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып сипаттау мәтінін құрап жаза алады;
- сөз ішінде в әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Білімдарлар» әдісі
Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша партаға отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.
• Мәтін дегеніміз не?
• Мәтіннің қандай түрлері болады?
• Мәтінге қатысты ерекшеліктерді ата.
• Сипаттау мәтінінің ерекшелігі қандай?
• Мәтіннің құрылымдық бөліктері қандай?
Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
Мұғалім сабақ тақырыбын және оқу мақсаттарын таныстырады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
І1. Негізгі бөлім
(МК, Ө, Ж, Ж) Көркем жазу.
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу.
В әрпін жазу:
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады
Сөздік диктант.
Мақсаты: В әріптері бар сөздерді сауатты жазуға төселдіру.
Оқушылар диктантты жеке орындайды. Соңында жұмыстарын алмастырып, жұпта тексереді. Содан кейін нтерактивті тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Сөздік диктант
Трамвай, вагон, велосипед, волейбол, автобус, витамин, аквариум, автомобиль, авиация, пингвин, вокзал.
Оқушылар велосипед сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Қабілеті жоғары деңгейлі оқушыларға құрамында в әрпі бар сөздерден сөйлемдер құрап жазу тапсырылады.
(Ұ, Ж) Берілген мақалдарды көркем етіп, көшіріп жаз.
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
• Жақсы адам- елдің ырысы,
Жақсы сөз- жанның тынысы.
• Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.
Берілген мақал-мәтелдерді дәптерге қатесіз жазып, мағынасын ашады. «Қандай» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызады.
Бағалау дескрипторы:
- құрамында в әріптері бар сөздерді сауатты жазады;
- велосипед сөзіне дыбыстық талдау жасайды;
- мақал-мәтелдерді қатесіз көшіреді;
- мақал-мәтелдердің мағынасын біледі;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетедді;
- «қандай» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызады.
(Т, Ж) Мәтінмен жұмыс:
Мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқушылар топта мәтінді талдап, қандай сұрағына жауап беретін сөздерді, тірек сөздерді А4 қағазға жазады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.Топта ой бөліскен соң, ортаға шығып,идеяларымен бөліседі. Қандай сұрағына жауап беретін сөздер мен тірек сөздерді толықтырып жазады. Сонымен қатар мәтіннің қай түрі екенін топта талқылап, дәлелдемелер жасайды.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
- «Аққу» мәтіні мәтіннің қай түріне жатады?
- Сипаттау мәтіні екенін дәлелде?
Аққу
Аққу – құс төресі. Аққу – тазалықтың, шынайылықтың белгісін білдіреді. Оның мойны ұзын. Басы үлкен емес, денесі созыңқы. Қауырсындары тығыз, ақ түсті, үлпілдек.
Аққу ұясын суы тұщы, таза, қамысы қалың көлдің жағасына салады.
Олардың жұптары жазылмайды. Ол киелі құс.
Каирова К. У
Бағалау дескрипторы:
- мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді табады;
- мәтіннен тірек сөздерді табады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- мәтін түріне ажыратып, дәлелдейді;
- қандай сұрағының қай мәтінге тән екендігін біледі.
(Т, Ж) Сипаттау мәтінін құрап жаз.
3.3.1.1 жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
Әр топқа сиқырлы ашық хат үлестіріледі. Оның ішінде «Әдепті бала», «Назерке-өнерлі қыз», «Біздің сынып» деген тақырыптар бар. Әр топ алған тақырыптары бойынша сипаттау мәтінін құрап жазады да қорғайды. Сипаттау мәтінін құру үшін «қандай?» сұрағын ескереді. Әр топ мәтінге тән ерекшеліктерді есте ұстайды. Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне, мазмұнына назар аударады. Құраған сипаттау мәтіндерін дәптерге көшіріп жазады.
Оқушылар топта қорғап болған соң «Борт журналы» әдісі бойынша кестені толтырады. «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады: Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды.
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? Қандай ой түйдім?
Бағалау дескрипторы:
- суреттер арқылы шағын сипаттау мәтінін құрап жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сипаттау мәтініне тән ерекшеліктерді біледі;
- сөйлемдегі сөздерді байланыстыра, орын тәртібін сақтап, жазады;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап
көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады;
- «Борт журналы» әдісі бойынша кестені толтырады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 18 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ  Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын, сабақ жоспары 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыр, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )