» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
-үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
-тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
-әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Ө) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Миға шабуыл» жүргізіледі. Оқушылар берілген сөзге сәйкес келмейтін сөзді табу қажет. Себебін түсіндіреді. Бұл тапсырма «иә», «жоқ» әдісі бойынша жүргізіледі.
Сағат – ұйықтайды, тұрды, жүреді, асығады.
Күн-жылиды, соғады, шашады, жарқырайды.
Жел-соғады, гуілдейді, үндемейді, құлатты;
Өзен-жүгіреді, ағады, қозғалады, жылжиды;
Тер –ағады,сорғалайды,тамады,өзгереді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Т) 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
Оқушылар қыздар мен ұлдар болып екі топқа бөлінеді.
1.Жәмила демалыста ауылға барды.
2.Жәмила, демалыста ауылға бардың ба?
3.Түлкі қарғаны мақтады.
4.Даусың неткен әдемі, қарға!
Берілген сөйлемдерді оқушылар зерттейді. Бұл жұмыс «Венн диаграммасы» арқылы жүргізіледі. «Венн диаграммасы» арқылы берілген сөйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дәлелдеулер жасайды.
(МК).Мұғалім екінші мен төртінші сөйлемдегі сөздердің қаратпа сөз болатындығын түсіндіреді. Қаратпа сөздің ерекшелігін, тыныс белгісін түсіндіреді.
(Ж).Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Суреттер бойынша ішінде қаратпа сөздері бар сөйлемдерді ауызша құрастырады. Ойлаған сөйлемдерін сызбамен көрсетеді.
Қабілеті жоғары оқушылардан сұралады:
- Қаратпа сөз сөйлеудің қай түрінде көбірек кездеседі: ауызша сөйлеуде ме, әлде жазбаша сөйлеуде ме? Неліктен олай ойлайсыңдар?
(Ө)3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
(Қ).«Көркем жазу минуты» жүргізіледі. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне хабарлы сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырады.
Дескриптор:
- сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.
-мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;
-сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір
Бір анда, бір мұнда, Өзінді өзін айнала.
Бас аяқты топ,топ, Шапалақтап хоп,хоп
Бір анда бір мұнда,Өзінді өзін айнала
Басымызды иеміз,би билейміз күлеміз,
Бір анда бір мұнда, Өзінді өзін айнала
(Т) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Оқушылардан өткен материалдар еске түсіріледі.
- Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
- Әңгімелеу мәтінінң ерекшелігі қандай?
Оқушылар «Маңдай тер» мәтінін оқиды. (Авторы Б.Досымов «Балдырған» журналынан)
Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың мәтіндегі түсінбеген сөздерін белгілеу, соңғы екі сөйлем бойынша сұрақ қою және жауап беру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқушылар мәтіннің түрін ажыратады. Түрлі түсті қарындаштармен мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтайды.Қаратпа сөздерді табады.
-Маңдай тер деген не?
-Неліктен Хамит атасын құшақтады?
-Мәтіннің қай түріне жатады?
-Неліктен әңгімелеу мәтініне жатады?
- Оқиға неден басталды?
- Әрі қарай не болды?
- Соңы немен аяқталады?
Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша тірек сөздерді табады.
Дескриптор
-Мәтін түрін анықтайды;
-Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 15 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сипаттау мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ  Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері, сабақ жоспары Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )