» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 15-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін
Оқу мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жоспарлай алады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтай алады;
- диалогке белсенді қатысады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) «Сыпайы адам» жаттығуы
Оқушылар сыпайы адам қандай болу керек екен стикерлерге (Мұғалім стикерге топқа бөлу мақсатын ескере отырып, төрт түсті стикер таратады) сипаттап жазып тақтаға жабыстырады.
Жағдаяттарды шешу:
Оқушылар жағдаяттарды тыңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы талқылайды.
1. Айдар үйден шыға сала, аялдамада тұрған автобусқа үлгеру үшін жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып, автобус күтіп тұрған бір баланы қағып кетті. Автобуста адам көп екен. Артқы есіктен кірген ол, автобустың алдыңғы жағына өту үшін қыстырылыса жөнелді. Жолда біреудің аяғын басып кетті.
- Айдардың асығуының салдары маңайындағы адамдардың көңіл күйіне қалай әсер етті?
2. Мектеп дәлізінде жүгіріп жүрген Талғаттың артынан Қуандық қуалай жөнелді. Қуып жетіп, желкесінен бір соқты. Ал, Аружан Талғатқа тілін көрсетті.
- Талғаттың көңіл күйі қалай өзгереді деп ойлайсыңдар?
- Неге?
- Қуандық пен Аружанның қылықтары дұрыс па? Өз пікіріңді дәлелде.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Тыңдалым.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару
- Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс және орынды қолдану. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын да түсініп, біле алмас еді.
Оқулықпен жұмыс
56-жаттығуды орында (Тапсырманы топта орындайды. Топта талқылап, жауаптарын сыныпқа айтады. Топқа стикердің түстеріне байланысты бөлінеді).
1. Өлеңді мұқият тыңда.
2. Ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндір.
3. Қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін тауып көр.
Бағалау критерийі
- ащы сөз, тұл сөздерінің мағынасын түсіндіреді;
- қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін табады;
- топта бірін-бірі тыңдайды.
58-жаттығуды орында (Жұптық тапсырма: мәтіндегі әдеп сөздерін пайдаланып, парталас көршісімен жанды табиғат кейіпкерлерін таңдап алып, солардың рөлінде диалог құрастырады).
Әр топқа түрлі жағдаяттарда кездесетін сыпайы сөздерді қатыстырып диалог жазуға тапсырма беру
1-топ. Киім ілгіште
2-топ. Асханада
3-топ. Автобуста
4-топ. Кітапханада
Бағалау критерийі
- 3-тен артық сыпайы сөздерді біледі;
- кем дегенде 2 қаратпа сөз қолданады;
- диалогке белсенді қатысады.
Сергіту сәті. «Жаңбыр»
Біз орманда келеміз,
Күн бұлттанды.
Жаңбыр жауды
Жаңбыр қайта жауды.
Күн басылды,
Қабағымыз айдай ашылды.
57-тапсырма. Топтық жұмыс.
Әрбір оқушы мысалды түсініп оқиды.
1-топ. Мәтіндегі көңіл күйді білдіретін сөздерді теріп жаз.
2-топ. Радио әдепті кейіпкер болатын әңгіме жаз.
3-топ. Радиоға сөйлеу мәдениетін түсіндір.
4-топ. Радиоға сыпайы сөздерден сыйлық жасаңыз.
Әр топқа телефон арқылы
1-топ - ата-анасымен
2-топ – сыныптасымен
3-топ – көршісімен
4-топ - ата-әжесімен диалог құрастырып, сахналау ұсынылады.......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 21 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» Кейіпкерді сомдаймыз Адам досымен мықты (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 22-сабақ Қыстырма сөздер (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 19-сабақ Қаратпа сөз Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 16-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім және сыныптастарым (2 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің мектебім және сыныптастарым (2 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп кітапханасы (2 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп кітапханасы (2 сынып, II тоқсан)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауызекі сөйлеу (2 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін, сабақ жоспары 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )