» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
- диалогке қатысады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
- берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілейді.
(Ұ) Ребус шешу
Жауабы: құмырсқа.
(Ө; Ж; Қ) Құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.2.1.1 (Ұ; Т; Қ) Тыңдалым. Мәтіннен тірек сөздерді табу.
49-жаттығу. Мәтінді тыңдайды. Мәтіннен тірек сөздерді табады, астын сызады.
Оқушылар мәтіннің ғылыми мәтін екенін дәлелдеп, өз пікірін білдіруіне басшылық жасалады.
Тірек сөздер: құмырсқа, жәндік, ұйымшыл, илеу, бағыт-бағдар, солтүстік, шыбын-шіркей, зиян, қоршаған орта, табиғат, пайда, қорғау т.б.
Ғылыми мәтін – зат немесе құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Дәлелденетін пікір, дәлелдеу пікірі және қорытынды жасалады. Қыстырма сөздер қолданылады. Мысалы: өйткені, сондықтан т.б.
Бағалау дескрипторы:
-тыңдалған мәтіннен тірек сөздерді табады, астын сызады;
-мәтіннің ғылыми мәтін екендігін дәлелдеп, пікір білдіреді.
(Ө; Т; Қ) Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
Тапсырма. Мәтінді оқу, мәтін түрі мен құрылымдық бөліктерін анықтау. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. Топта бірігіп мәтіннің құрылымдық бөліктерін: басын, ортасын, соңын және түрін анықтайды. Өз шешімдерін түсіндіреді, дәлелдейді.
Проблемалық сұрақ.
Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, талқылауға сұрақтар ұсынады.
1-топ: Мәтін дегеніміз не?
2-топ: Мәтіннің негізгі белгілері?
3-топ: Мәтіннің құрылымдық бөліктері?
4-топ: Мәтін түрлері?
Әрбір топ постер құрастырып, қорғайды. Бағалау дескрипторы негізінде оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-мәтінді дұрыс, түсініп оқиды;
- мәтіннің негізгі белгілерін ажыратады;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-мәтіннің түрін анықтайды.
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Илеу, зиян сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
Илеу – 1.Зат есім. құмырсқаның илеуі.
2. Етістік. Қамыр, балшық, темір, ұн т.б.иін қандыра араластыру
Тапсырма: Бірлесіп жазу әдісін қолдану арқылы илеу, зиян сөздерін қатыстырып 2 сөйлем құрастырып жазу. Сөз таптарына талдау.
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Сөйлемдердің жалғасын тауып жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Шығармашылық үзіліс
50-жаттығу. Сөйлемдердің жалғасын тауып жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Ой сергек!
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
(Т) Берілген тақырыптар бойынша іздену жұмысын жасау. Постер құрастыру.
Құмырсқа туралы мәліметтерді түрлі дереккөздерден табу. Керекті мағлұматтарды іріктеу. Сынып оқушыларының алдында таныстыру.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Флипчарттар, маркерлер таратылып беріледі. «ББҮ» кестесін толтыру.
1-топ. Құмырсқа туралы дереккөздерден ақпарат іздеу.
2-топ. Құмырсқа туралы жұмбақтар іздеу.
3-топ. Құмырсқа туралы мақалдар іздеу.
4-топ. Құмырсқаның суретін салу.
(Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Ү л г і:
• сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Жұмыстарын топта жариялау......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 13 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 27-сабақ Ч щ дыбыстары (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмір кезеңдері туралы мәтіндер оқу (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6 - сабақ Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6 - сабақ Мәтін түрі және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ  Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары №13-сабақ Мәтін және оның түрлері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, №13-сабақ Мәтін және оның түрлері, сабақ жоспары №13-сабақ Мәтін және оның түрлері 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары №13-сабақ Мәтін және оның түрлері, Қазақ тілінен сабақ жоспары: №13-сабақ Мәтін және оның түрлері (3 сынып, I тоқсан )