1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ. Тіл және сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 3. 1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3. 2. 4. 1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3. 3. 5. 1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,
пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.
Оқушылардың кейбірі:
- мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Аквариум» әдісі - Құстар қандай үн шығарады? Ендеше сөйлеу кімдерге тән қасиет?
- Сөйлеудің неше түрі бар? Мысалдар келтір.
Өзара бағалау.ІҮ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу. Әріп элементтері мен сөздер:
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады
(Ұ) Сызбамен жұмыс 1- жаттығу
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сөйлеу не үшін қажет?
Ол не арқылы жүзеге асады?
сөйлеседі
хабар береді
Тіл арқылы пікірлеседі
білмегенін сұрайды
кеңеседіБағалау дескрипторы:
- сызбаны оқып, ақпарат алады;
- өз ойларын дәлелдеп, жүйелі жеткізе алады;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды;
(Ө. Т, Ж, қ) Тыңдалым.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
(Интерактивті тақтадан) «Сөйлеудің күнделікті өмірдегі мәні мен қажеттілігі» тақырыбындағы тапсырманы тыңдау. Ой қорыту.
https://www.youtube.com/watch?v=Pi-POcnr0bE
- Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің айырмашылықтары қандай?
- Сөйлеудің өмірдегі маңыздылығы қандай?(саралау)
Бағалау дескрипторы:
- мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға жауап бере алады;
- ақпаратты есте сақтайды;
Сергіту сәті «Қарлығаш»
Бір,екі,үш
Қарлығаш боп ұш.
Төрт,бес,алты
Қарлығаш боп қалқы.
(Ж, Қ, қ) Оқылым. Шығармашылық үзіліс.
2-жаттығу Өлеңді мұқият тыңда. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең мазмұны бойынша кейіпкер мен сөздерді сәйкестендір. Топта ойыңмен бөліс.
тіл қатты
жұмбақ шешті
мәз болды
әнге басты
(ӨЖ) 3-жаттығу Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз
Хайуанаттар әр түрлі үн шығарып, белгі береді.Үн арқылы олар бір-біріне жақындап қалған қауіп-қатер туралы хабарлайды. Мол азыққа кенелгенін жеткізеді.
Сөйлеу тек адамдарға ғана тән.
Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.
Соңғы екі сөйлемге сұрақ қой. Жауап беріп көр. Сұрақтарға жауап беруде сөйлеудің қай түрін қолдандың?
Бағалау дескрипторы:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
- өз сөзін жүйелі түрде жеткізе алады;
- жіберілген қателерді тауып, түзетеді.
Мұғалімнің кері байланыс беруі
(ТЖ) Саралау 4-жаттығу Суреттерге қара. Оларды сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажырат.
(ӨЖ) 5-жаттығу Өлеңді жатқа жаз.
1 минут ішінде өлеңді іштей оқып, есте сақта. Тыныс белгісіне назар аудар. Жатқа жаз. Өзін-өзі тексеру, бағалау
Атам мені қуантты –
Маған берді құлақты:
- Жақсы сөзді құлағың
Тындасын,- деп,-шырағым!
Маған берді тіл ұшын,
«Шешен бол» деу – мұнысы. Мүбәрак Жаманбалинов
Атасы құлақты не үшін берді?
а) жақсы сөзді тыңдасын;
ә) жақсы сөзді оқысын;
б) жақсы сөзді айтсын;
в) жақсы сөзді жазсын.
«Шешен бол!» дегені қай сөйлеу әрекетіне қатысты?
а)тыңдалым;
ә)айтылым;
б)жазылым;
в) оқылым. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 893



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі