Қоршаған ортаны танып білемін (2 сынып, IV тоқсан )

 Қоршаған ортаны  танып білемін (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Қоршаған орта»
Сабақ тақырыбы: Қоршаған ортаны танып білемін
Оқу мақсаттары: 2.4.2.2 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру
Сабақ мақсаттары: Сөз таптарына мысал келтіреді. Сұрақ қою арқылы ажыратады. Оларды өзара салыстырады.
Сабақ барысы: І. Психологиялық ахуал.
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру. Ана тілін құрмет тұтуға баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім
(МК, Ұ) Жұмбақ жасыру. Көркем жазу.
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
1. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып,дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр
(найзағай мен жаңбыр)
• 2. Көк көрпенің мақтасы,
• Әр жерде жүр бытырап.
• Біріктіруге қол жетпес,
Болды-ау шіркін ысырап
(бұлт)
• Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,
• Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.
• Жаһанды жалпағынан басып өтіп,
Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын
(жел)
-Осының бәрін бір сөзбен не дейміз?
- ал, табиғат құбылыстарын қайдан көреміз?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау
-Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз қоршаған ортамен байланысты болмақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз?
Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын.
(Ө, Ұ) «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: сөз таптары туралы білімдерін қайта жаңғырту, бекіту.
Тапсырма: оқушылар «Сиқырлы сандықта» жасырылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Зат есімді табыңыз: қызыл, естіді, оқиды, ағаш, әдепті.
4. Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
5. Зат есім неше түрге бөлінеді?
6. Жалпы зат есімге мысал келтіріңіз
7. Жалқы зат есімге мысал келтіріңіз.
8. Сөйлемнен сын есімді табыңыз: Азамат ақылды бала.
9. Қате жауапты табыңыз. Сын есім қандай? Қай? Кім? Деген сұрақтарға жауап береді.
10. Күрделі сын есімді табыңыз: а) Көк ә) Ащы б) қызыл ала в) тәртіпті.
11. Дара сын есімге мысал келтіріңіз
12. Жел сөзіне етістік жалғап айтыңыз.сұрақ қою арқылы дәлелдеңіз.
13. Жаңбыр қайтті? А) ойнады ә) жауды б) ақты
14. Мақалдағы есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
15. Есептік сан есімді табыңыз.
А) бірінші ә) он сегіз б) алтау в) төртінші
16. зат есім мен сын есімді қатыстырып, сөз тіркесін құраңыз.
17. сөйлемдегі етістікті табыңыз.
Мен Көкшетау қаласында тұрамын.
18. күрделі етістікке мысал келтіріңіз.
(Ө) Суретпен жұмыс.
Мақсаты: Сурет бойынша сөйлем құрау, сөйлемнен сөз таптарын анықтау.
Оқушыларға сюжетті сурет көрсетіледі.
Тапсырма: суретке мұқият қараңыз. «Балалар не істеді?» сұрағына жауап бере отырып сөйлем құраңыз. Сөйлемнен сөз таптарын анықтаңыз.
(Т) мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың оқылым дағдыларын, адамгершілік құндылықтарын дамыту. Мәтіннен сөз таптарын анықтап, кестеге түсіру.
Тапсырма: мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.
Балапан және оның достары
Балапан қораға кірсе, достары үстел үстіндегі қағазға төніп алып, қызу ойынға кірісіп кеткен екен. Ол достарын далаға шығып, таза ауада ойнауға шақырды. Таза ауада ойнаудың денсаулыққа пайдалы екенін айтты. Бірақ достары үстел үстіндегі ойынды жөн көріп, далаға шықпай қойды. Балапанға кішкентай күшік қана ілесті. Күшік екеуі далада әткеншек тепті. Доп лақтырып жаттықты.
Ал достары болса қорадан әлі шығатын емес. Ойын қызуына кіріп кеткен. Ұзақ отырғаннан қорадағылардың бастары ауыра бастады. Олар далаға шықты. Енді олар балапанды іздей бастады. Келе жатып ұлуға жолықты. Ұлу оларға балапанның әрекетінің дұрыс екендігін айтты.
- Балапан достарын қайда шақырды?
- Балапанның ойымен келісесіз бе?
- Балапанның достарының жасаған әрекеті туралы не айтасыз? Неліктен?
- Ертегіден қандай ой түйдіңіз?
Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
(Ө, Ж) Семантикалық карта
Мақсаты: мысалдар арқылы сөз таптарын ажырату.
Тапсырма: Сөздерді оқыңыз. Оларды сөз таптарының дара және күрделі түрлеріне жіктеңіз. Әр қатардағы сөздер мен оған тиісті бағанның қиылысқан тұсына «+» таңбасын қойыңыз.
Сөздер зат есім етістік сын есім сан есім
дара күрделі дара күрделі дара күрделі дара күрделі
оймақ
сырды
қызыл ала
жеті
әдетғұрып
әдемі
он бес
қонып отыр
Бағалау критерийі: әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.
Мұғалім дұрыс жауапты көрсетеді. Оқушылар «жұптық әдіс» бойынша семантикалық карталарын тексереді. Бағалайды. Қатемен жұмыс жасалады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 973



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!