Сиқырлы дәрі жасаймын (2 сынып, III тоқсан )

 Сиқырлы дәрі жасаймын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы дәрі жасаймын
Оқу мақсаты: 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу
Сабақ мақсаты: Сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатыса алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
(Ұ) «Иә-жоқ» ойыны
Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Мұғалім қобдишадағы затты/дәріні/ оқушыларға табуды ұсынады.Оқушылар сұрақтар қояды, ал мұғалім «иә немесе жоқ» деп жауап беру арқылы ойынды жалғастырады.
-Балалар, жасырынған зат не болып шықты?
-Дәріні адамдар қай кезде қолданады?
-Дәрінің қандай пайдасы бар?
-Дені сау болу үшін адамдар дәріні үнемі ішу керек пе?
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қалай ойлайсыңдар, сабақтың соңында қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, критерийлер ретінде тақтаға жазу.
(Ұ,Ө) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу сәті
Мақсаты: Оқушылардың көркем, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар тақтаға қарап отырып, күнді, Д д әріптері мен дәрі сөзін жазады. Сөздер талданады.
-Д –қандай дыбыс?
-Дәрі- сөзі қалай айтылады?Неліктен жіңішке болып айтылады?
Дәрі сөзіне дыбыстық талдау жасау.
(МК,Ұ)Проблемалық жағдаят
Мақсаты:Оқушыларды ойландыру, проблемаларды шешуде ойларын анықтау.
Мұғалім оқушыларға жағдаят ұсынады.
«Айжанның алыс туысы аяқ астынан ауырып қалды. Анасы туысының дәрігер жазып берген дәрілерді ішпей жатқанын айтты. Айша туысын аурудан айықтыру жолдарын іздей бастады. Дереккөздерден денсаулықты сақтауға қажетті тағамдар туралы тауып оқыды. Көңіл-күйді көтерудегі тәттілердің қызметі оның ойынан шықты. Ол «Таптым!» деп айқайлап жіберді.
Қалай ойлайсыңдар, Айша туысын қалай емдейді? Ол қандай ем тапты?»......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 002



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі