Суретпен берілген өлеңдерді оқимын (2 сынып, II тоқсан )

 Суретпен берілген  өлеңдерді оқимын  (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Суретпен берілген өлеңдерді оқимын
Оқу мақсаттары : 2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Мәтіндерді оқып салыстырады,мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын өздері таба алады.
Сабақ барысы: Ынтымақтастық ортасын құру.
«Ай мүсін» әнімен айтылады
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...
-Балалар, сабақты немен бастадық?
Ендеше бүгінгі сабағымызды өлеңге, өлең оқуға арнаймыз.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
(МК,Т,Ұ)Топтық жұмыс.
«Сөздік» тәсілі арқылы сөздерді меңгеру.
Тапсырма: жаңа сөздерді топта анықтау, мағынасын түсіндіру, сөйлем құрау, ортада қорғау.
Сөздер: өлең, тақпақ, ән,
*оқушылар мағынасын топта отырып болжайды
*сөздердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды
*оқушылар ортаға шығып, екі топ бір-бірімен өз пікірлерімен бөліседі
Түсіндіру:
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты.
'Ел iшiндегi тақпақ сөзiнiң мағыналық ауқымы өте кең. Тақпақтау дегеннiң өзi ұйқасты, әуездi, нақышты сөйлеу деген ұғымға жақын келедi. Халық арасында «өлең» терминiнiң орнына да қолданылады.
(МК; Ұ) Суретпен жазылған өлеңді суретсіз жазылған өлеңмен салыстыру
Сабақта суреттері бар өлеңдер оқыту. Әр оқығанның соңында оқушыларға суретсіз жазылған өлеңдерді көрсету.
-Суретпен жазылған өлеңнің суретсіз жазылған өлеңнен қандай айырмашылығы бар?
Мысалы:
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде жұпар сепкен.
дәнді даласы бар,
Ақ -тей қаласы бар.
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс, алқабы толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің !
(Ө.Тұрманжанов)
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
-Балалар, қандай өлеңдерді білесіңдер?Бұл өлеңдерді жаттау жеңіл болды ма? Суретті өлеңдерді жаттаған жеңіл деп ойлайсыңдар ма?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 929



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!