» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын  құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын  құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
Сабақтың мақсаттары: 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу.
Сабақ барысы: (Ұ) Сабақты «Дауыссыз б мен п» қайталаудан бастау. Ол үшін «Жұбыңды тап» ойынын ұсыну. Ойынға алынатын сөздер: кітап, мектеп, клуб, добы, жібі, қорабы. Қайталаудан соң сабақтың мақсатына ауысу.
(МК,Ұ) Өлең жазуға деген құштарлықтарын ояту мақсатында 8 жасар Жамбыл Дүйсеновтың өлеңін ресурс арқылы тыңдату.
Бірлесіп жазу әдісін қолданып, оқушыларға қабылдау сезімдері жайында өлең жаздырту. Оқушылар сөз тіркестерін таңдай білуі үшін бірлесіп жазу әдісін қолдану (Бұл олардың бес жолды өлең жазуларына көмектеседі).
(Ж) Берілген сөздердің ұйқасын тауып, өлең шумақтарын толықтырып жазуды ұсыну.
Ағайынды екеу болыпты,
Екеуі тату __________________.
Ортасында _____________болып,
Бірін бірі,
Екеуінің орындайтын ______________бір бопты (көз бен мұрын)
(Т) оқушыларға бес жолды өлеңнің құрылымын түсіндіре отырып, сөз тіркестерін қолдану жолдарын көрсету. Оқушылардың ойларын қағазға түсіріп, оны жетілдіру үшін сөз, сөз тіркестерінің орындарын ауыстырып көрулеріне мүмкіндік тудыру.
Бес жолды өлең құрастыру үлгісі:
Зат есім (1)
Сын есім (2)
Етістік (3)
Сезімді білдіретін тіркес (4)
Синоним
Өлеңдерді топта жариялап, пікір алысып, кері байланыс жасату.
(Ө) Оқушылар құрастырған өлеңін каллиграфиялық талапқа сәйкес жазып шығады.
(Қ) Оқушылар сөздерді пайдалана отырып, өлеңді толықтырып жазады
Қос әйнек ... да емес, ... де емес,
Бұзылса оны адам ... емес.
Кезінде өзі ..., жабылады,
Мағынасы ... нәрсе, ... емес. (көз)
Қажетті сөздер: шыны, темір,түзер, ашылып, қымбат, арзан......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 16 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын., сабақ жоспары Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрасты, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан)