Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)

 Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»
Сабақтақырыбы: Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу
Оқу мақсаттары: 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары: Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;
Өлең оқып, мазмұнын түсіне алады;я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазады; Өздері өлең құрастыра алады.я, ю әріптерінің емлесін сақтап жаза алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.
Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту
-Балалар не көріп отырсыңдар?
-Бір сөзбен не дейміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(МҚ,Ұ) Жұмбақ жасыру
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (Тіл)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.(Құлақ)
Көрші отырған көршілер
Бірін бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.(Көз бен мұрын)
(Ұ, Ө) «Өз жұбыңды тап» ойыны
Оқушыларға қима сөздер беріледі. Олар әр сезім мүшесінің ерекшелігін анықтап, табуы керек.
- көз–көру мүшесі;
- құлақ –есту мүшесі;
- мұрын –иіс сезу мүшесі;
- тіл–дәм сезу мүшесі;
- тері–ыстық пен суықты сезетін сипап сезу мүшесі;
(Ұ, Ө)Оқулықпен жұмыс
1/Өлеңді оқу
Сөздік жұмыс: Оқушыларға бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру:
щипалы-
дәмі тіл үйірер-
татымды-
-Өлең не туралы?
Балалар өздеріңнің жақсы көретін тағамдарын «өрік» сөзінің орнына қойып, оқиды.
(Ұ, Ө)Өлеңмен жұмыс
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
-Балалар, өлең не туралы?
-Әр сезім мүшесі туралы не айтылған?
-Не қосар едіңдер?
Оқушылар өздерінің пікірлерін айтып, өлеңді жалғастыруға болады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 710



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!