Әңгіме айтуды дамыту (2 сынып, I тоқсан)

 Әңгіме айтуды дамыту (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.
Сабақ тақырыбы: Әңгіме айтуды дамыту
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу)Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау
Сабақ мақсаттары: Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологилық ахуал.Оқушыларды шеңберге шақыру.
-Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?
- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.
-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.
-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.
Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар жұпта тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту.Мына сурет бойынша не айтуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Екі бала сөйлесіп отыр.Яғни олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр.
- Енді бұл балаларға қандай ат қоясыңдар? Оқушылар ат қояды.
- Олар әңгімелерін қалай бастады деп ойлайсыңдар?
- Диалог құра отыра әңгімелері қызықты болуы мүмкін бе? Қалай?
- Олардың әңгімесін қалай дамытуға болады?Бір-біріне сұрақтар қою арқылы деп айтуға бола ма?
- Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақшы?
- Сабақтың тақырыбы: «Әңгіме айтуды дамыту»,яғни бір-бірімізбен сөйлесу ,әңгімелесу арқылы көп мағыналы сөздерді қолдану болып табылады
Топ ережесін еске түсіру.
1-ереже Бір-бірімізді тыңдаймыз.
2-ереже Басқаның пікірін сыйлаймыз.
3-ереже Тақырып көлемінде сөйлейміз
4-ереже . Бір-бірімізге көмектесу
(Ұ/Т) Әр оқушы сахналай алатындай етіп суретті драмаға айналдыру. Оқушыларды топқа бөліп, суреттегі көріністің біреуін жасату. Әр топтың бір-біріне қарасты қай жерде орналасу керектігін талқылау. Әр топқа суреттегі көріністің бірінде бейнеленгендей «стоп-кадр» әдісін қолданып, суреттегі балалардың бет-әлпеттеріндегі сезімдерін қайталап көрсетуін сұрау.
Әр топ мүшелерінің иығынан ретімен жай ғана ұстау Иықтарын түрткен кезде оқушылар кейіпкерлер арасындағы әңгімені ойдан шығарып айтулары тиіс.
Топтық жұмыс. Мына сурет бойынша не айтасыңдар? Оқушылар топта сурет бойынша ой бөліседі. Әңгімелесу барысында әңгіменің қай түрі пайдаланылғанын баяндайды.
Бұлт пішінінде кесілген қағазға кейіпкердің не айтқанын (сөйлеу бұлты), не ойлағанын (ой бұлты) және не сезіп жатқанын (жүрек бұлты) елестетіп жазғызу. Өткен шақта жазуын қадағалау. Суреттердің жанына іліп қою:
"Жіңішке” сұрақтар "Жуан” сұрақтар
Бір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар.
Кім? Не? Қашан?
... қалай аталады? ... болған ба? ..мүмкін? ... болады?
... жасауы мүмкін бе?.. сіз келісесіз бе? ... дұрыс па? Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар.
Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...
Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз?
Сіз неге ... деп ойлайсыз?
Сіз неге ... деп есептейсіз?
... айырмашылығы неде?
Егер ... болса, не болатындығына болжау жасаңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 928



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?