» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Келешекті елестетемін.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады.
Көптеген оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, сұхбатқа түсіп, қарым–қатынас жасау мәдениетіне үйренеді.
Кейбір оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысады сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз
ОМ таныстыру.
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты cұхбаттасыңның сөзін тыңдап, диологкке қатысып үйренесің.
Оқушылардың әлеуметтік ортада диалогке қатысу білігін бағалау.
Ой бөлісіп, кері байланыс жасау.
Кел сөйлесейік!
Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз?
Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Тағы қандай маман иелерін білеміз?
Оқушылардың назарын суреттерге аудару.
Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?
Ол мамандықтар туралы не білеміз?
Атқаратын қызметі қандай?
Оқушыларға суреттегі мамандықтар туралы әңгіме айтқызу.
(Оқушылардың диалогқа қатысуын бақылау арқылы бағалау)
(Ұ) Оқушылардың назарын мәтінге аудару.
Мәтін мазмұнын қалай түсінгенін анықтау мақсатында сұрақтар қою.
(сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгенін бақылау).
«Мамандықтың бәрі жақсы» мәтінмен жұмыс
Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.
Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады.
«Мектепте», «Емханада», «Дүкенде», «Аулада» тақырыптары бойынша сұхбат жүргізу.
Әр топтың жұмыстың сұхбатын тыңдау. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Мамандық түрлерін қайталайды. .......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 14 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Келешекті елестетемін 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Келешекті елестетемін, сабақ жоспары Келешекті елестетемін 2 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Келешекті елестетемін, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Келешекті елестетемін (2 сынып, I тоқсан)