» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ №12
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып жай сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тірек сөздерді қолданып жай сөйлем және үлгіге қарап құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастырады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Ой шақыру
Сұрақ-жауап:
- «Мәдениет» деген сөзді қалай түсінесін?
(адамның білім және тәрбие алу үшін өз қолымен жасағаны, мысалы, кинотеатр, театр, кітапхана, мұражай, спортзалы, зәулім ғимараттар, түрлі ескерткіштер, кітаптар, музыка, мерекелер т.б)
- Қай жерге барып мәдени демалуға болады?
(Оқушылар түрлі ойын-сауық орталықтарды атайды, бос уақыты жайлы, не көргенін, қандай әсер алғанымен бөліседі)
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
• сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаймын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Думан – мереке, той, мейрам, салтанат, ойын-сауық орталығының атауы
танысу – танысу, білу, қарау, көру
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын.
Венн диаграммасы. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді салыстырады.
Бүгін демалыс. Бүгін демалыс, сондықтан біз киноға барамыз.
Ықтимал жауап:
Бірінші сөйлем
Бір ойды білдіреді.
Шылау арқылы байланысқан.
Екінші сөйлем
Екі ойды білдіреді.
Сондықтан шылауы арқылы байланысқан.
Ұқсастығы
Екеуі де сөйлем.
Екеуі де демалыс туралы ақпарат береді.
Екеуі де хабарлы сөйлем.
Үлгі бойынша оқушылар жұптасып сөйлемдер құрайды, сынып оқушыларына оқып береді.
1-тапсырма:
(Т) Суретке мұқият қара. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 36 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Нәтиже сабақ №12 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Нәтиже сабақ №12, сабақ жоспары Нәтиже сабақ №12 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Нәтиже сабақ №12, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)