» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер, сызбалар, символдарды қолданып мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
«Гүлмен тілек» тренингі
Оқушыларды бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Ой шақыру
(Ұ) Суретке қара, сипатта.
Оқушылар сурет бойынша өз ойларымен бөліседі, табиғат мезгілін, балалардың бос уақытын қайда және қалай өткізіп жатқаны жайлы сөз қозғайды. Тапсырманы қабілеті жоғары оқушыға орындатуға болады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беремін;
• тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырамын.
Мағынаны тану
Жаңа сөздер
(Ұ) Жаңа сөздерді суреттер мен мағынасы жақын сөздер арқылы меңгерту
Саяжай
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Жіктік жалғауды қайтала. Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.
Жекеше:
Мен демаламын
Сен демаласың
Сіз демаласыз
Ол демалады
1-тапсырма:
(Ұ) Мәтінді тыңда. Сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
Алдымен сұрақтарды оқып талқылайды. Мәтін екі рет тыңдайды. Тыңдап отырып мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді. Жауабын мұғалім тексереді. Кері байланыс орнатады.
1. Әлібек нешінші сыныппен қоштасады?
2. Қандай демалыс келді?
3. Жазғы демалысты неге «ұзақ мереке» деп атайды?
4. Әлібек жазда не істейді?
Жауабы: үшінші, жазғы, ұзақ, ауылға барады, саяжайда демалады
2-тапсырма:
(Т) Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастыр. Оқушылар топпен бірлесіп тапсырманы орындайды. Алдымен ақылдасып, сюжеттің реттілігін анықтайды. Содан кейін суретке қатысты сөздерді тізбектейді. Түсінбеген сөздерді сөздік арқылы табады. Соңында сурет бойынша әңгімелейді. Ортаға шығып әр топ қорғайды. Басқа топтар критерий бойынша бағалайды. Критерийді оқушылар өздері құрастырады. .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 45 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9, сабақ жоспары Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы демалыс – ең ұзақ мереке №9 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)