Туған күніңмен! №2 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

 Туған күніңмен! №2 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Туған күніңмен! №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтіннің жанрын анықтайды, мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтіннің жанрын анықтайды, үлгі бойынша заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады.
Оқушылардың кейбірі:
мәтіннің жанрын анықтайды, заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын еркін ажыратады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Ой шақыру
(Т) Жағдаят: Бүгін сенің туған күнің. Бірақ сені ешкім құттықтамады. Сыныптастарың да, ата-анаң да туған күніңді ұмытқан сияқты.
Сұрақ: Сен не істейсің?
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Мәтіннің жанрын және түрін анықтаймын;
• сөздердің мағынасын ажыратамын.
Мағынаны тану
Оқылым алды тапсырмасы:
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Құттықта – жылы тілек айту
Өткіз – тойлау, қонақтарды шақыру
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Заттың аты (кім?, не?)
Заттың сыны (қандай?)
Заттың іс-қимылы (не істеді?)
Сөздердің мағынасын ажырату үшін мысалдар (сөзбен немесе суретпен) беріледі. Оқушыға гүл деген сөз берілсе, ол не? деп жауап береді.
Мысалы:
оқушы, гүл, мейрам, қонақ;
әдемі, көңілді;
сурет салды, биледі.
Оқылым тапсырмасы:
(Ұ) Мәтінді мұқият оқы. Тірек сөздерді анықта.
Туған күн – әрбір адам үшін ерекше күн. Күні бойы сені достарын құттықтайды. Сыйлық сыйлайды, жылы тілек айтады. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, торттағы балауызды өшіреді. Туған күн – сенің өміріндегі ең басты асыға күтетін мейрам. Сондықтан оны көңілді өткіз!
(Ж) Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтін не туралы?
А) сыйлық туралы
В) торт туралы
С) туған күн туралы
D) қонақтар туралы
2) Бұл қандай мәтін? Белгіле ()
әңгімелеу мәтіні
сипаттау мәтіні
пайымдау мәтіні.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 491



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі