Мейірімді өзен (ертегінің жалғасы) (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

 Мейірімді өзен (ертегінің жалғасы) (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Мейірімді өзен (ертегінің жалғасы)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1.анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
4.4. Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1. кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1. мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді, қарапайым нұсқауларды орындайды.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді,көмекші сөздерді қолданады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Қағазда бейнеленген жүректі алып, «Мен сізге жүрегімді ұсынамын, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрек бейнеленген қағазды алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
Оқушылар арасында бір-біріне деген достық, құрмет қарым-қатынасын орнатуға болады.
Ой шақыру
Оқушылар назарына сурет ұсынылады.
Бұл не? ойыны. Суреттің жартысы ғана көрсетіледі. Оқушылар қандай сурет жасырылғанын анықтайды.
Өткен сабақта игерген сөздерді еске түсіру мақсатында ұсынылған тапсырма.
Бұл не?
Бұл өзеннің беті ме?
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді;
• Каллиграфиялық дағдыларды дамытады;
• Грамматикалық нормаларды сақтайды.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
1-тапсырма: Берілген суретке назар аударып, сөзге қажетті төл дыбысын (ә,і,ң,ғ,қ,ұ,ү,һ,ө) қойып жаз..
Қай әріп? М....з.
Қай әріп? Бет.... қатады
Тыңдалым алды тапсырма:
2-тапсырма: бас және кіші «Ұ» әріпінің таңбалануына назар аударып, мысал келтіріп жаз.
Мысалы:
Ұ – әріпінің бас әріп болғанда таңбалануы
ұ- әріпінің кіші әріппен таңбалануы
Сөз ортасында «ұ» әріпінің байланысын сақтап жазуды ұмытпа.
Ұ – Ұзақ, Ұзын
ұ- Мұз, тұз
Тыңдалым тапсырмасы:
Мәтінді мұқият тыңдап, жаңа сөздерді белгіле.
Ертеде ғайып болған өзен ауа-райының ықпалымен қалпына келді. Арада ұзақ уақыт өткеннен кейін өзен адам танымастай өзгерді. Себебі, адамдар өзенге жауапкершілікпен қарайтын болды. Қыс мезгілінде өзеннің беті қатады. Кейін мұзға айналады. Қайта айналып көктем келгенде өзен жайнай түседі. Адамдар, қоршаған ортаны бағалай білейік! Мейірімді өзен халқына қызметін жалғастырды.
(Ұ)Ой шақыру
Берілген сұраққа жауап жаз.
• Ертегі не туралы?
__________________________________
• Өзен қалпына қалай келді ?
___________________________________
• Адамдар өзенге қалай қарайды?
____________________________________
• Қыс мезгілінде қандай өзгеріс болады?
_____________________________________
Дескриптор
- мәтінді түсінеді;
- жаңа сөздерді анықтай алады;
Кері байланыс. «Шапалақ әдісі» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Грамматикалық қоржын
(Ұ, МК) Көмекші сөздер- лекикалық мағынасы жоқ,негізгі сөзге тіркесіп қолданылады.
алды, арты, қасы, жаны,сырты, бойы,беті
Мысалы: өзеннің жанында
Үйдің алдында
Өзеннің бойы
Менің үйім өзеннің бойында орналасқан.
Үйдің алдында машина тұр.
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
1-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің мазмұны бойынша ретімен орналастыр.
Сөйлемдер Реті (1,2,3...)
Қыс мезгілінде өзеннің беті қатады. 3
Адамдар, қоршаған ортаны бағалай білейік! 4
Ертеде ғайып болған өзен ауа-райының ықпалымен қалпына келді. 1
Мейірімді өзен халқына қызметін жалғастырды. 5
Арада ұзақ уақыт өткеннен кейін өзен адам танымастай өзгерді. 2
Дескриптор
- сөйлемдер бойынша оқиғаның ретін анықтайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 889



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі