» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №15 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №15 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №15 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №15 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ №15
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтады;
Оқушылардың кейбірі:
мәтіннің мазмұнын айтады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Сабақ барысы: «Кел, сөйлесейік»
- Қандай атақты адамдарды білдің?
- Олар несімен танымал?
- Танымал болу үшін не істеу керек?
Мұғалім орындықтарды ортаға шығарып, шеңбер жасайды. Оқушылар орындыққа орналасады. Тақтада сұрақтар көрсетіледі (жазылады). Жауапты кез-келген оқушыдан бастауға болады. Оқушы өз ойын айтады, келесі оқушы «келісемін» немесе «келіспеймін» деп ойын жалғастырады.
Мақсаты: оқушы қазақша ойлау және сөйлеу қабілетін кез-келген жағдайда қолдана білу.
Бағалау: мұғалім оқушының берген жауабына кері байланыс береді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтамын;
• сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтаймын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Атақты - танымал, әйгілі
оқу – білім алу
Дамыту жолдары:
o сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
o сөздермен сөйлемдер ойластыру;
o дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
o сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Берілген сөздерді екі қоржынға бөлеміз. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді көк қоржынға, Не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді қызыл қоржынға саламыз.
Мысалы:
Дарынды, біледі, өнерлі, ойлап табады, талантты, еңбекқор, жасайды, оқиды
1-тапсырма:
(Ұ) Диалогті оқы. Мәтіннен Қандай? Не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап.
Марат: Атақты адамдар қалай танымал болды?
Анар: Меніңше, атақты болу үшін білімді болу керексің. Ол үшін оқу керек.
Марат: Дұрыс айтасың, Анар көп оқыған адам – көп біледі.
Анар: Сондай-ақ, танымал болу үшін көп еңбектену керек......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 32 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Нәтиже сабақ №15 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Нәтиже сабақ №15, сабақ жоспары Нәтиже сабақ №15 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Нәтиже сабақ №15, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Нәтиже сабақ №15 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)