» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дарын иесі №12 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дарын иесі №12 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дарын иесі №12 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дарын иесі №12 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: Дарын иесі №12
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал мәтелдер) ажырату, баяндау / сипаттау мәтіндерін анықтау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтіннің жанрын анықтайды, мұғалімнің қолдауымен сипаттау мәтінін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтіннің жанрын анықтайды, сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
мәтіннің жанрын және түрін анықтайды, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрастырады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
«Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар «Сенің сүйікті хоббиің қандай?» сұрағына жауап береді. Тренингтің мақсаты – оқушы өзінің ұнататын хоббиімен бөліседі және қазақша ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытады.
Жетелеуші сұрақтар:
Сенің сүйікті хоббиің қандай? Неге?
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• мәтіннің тақырыбын, түрін анықтаймын;
• сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырамын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Дарынды – талантты (музыкант, жазушы, спортшы, суретші)
әңгіме – қысқа шығарма
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын.
Тақтада тізбектелген сөздер жазылады. Мұғалім оқушыларға сөздердің түбірін және жұрнағын белгілейді (тұйық етістіктегі сөздерді өткен шаққа айналдырады). Оқушылар сөздерге сұрақ қояды (не істеді?, қайтты?).
Мысалы: білу-білді, тыңдау-тыңдады, орындау-орындады, қуану-қуанды
1-тапсырма:
(Ұ) Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
(Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады. Оқылым барысында түсінбеген сөздерді түртіп отырады. Оқып болған соң, түсінбеген сөздер талқыланады.)
Арман – дарынды бала. Ол 7 жаста болса да күйдің көп түрін біледі. Алғаш домбыраны қолына ұстатқан атасы еді. Атасы оны домбыра туралы қызықты жыр, дастандар айтып қызықтырды. Арман әңгіменің мазмұнын музыка тілімен жеткізуге мақсат қойды. Оның күйі көңілді болса, тыңдаған адам қуанады. Ал егер мұңды болса, көзіне жас алады. Арман – дарын иесі. Оның бойындағы талантты атасы уақытында көре білген. Арманның болашағы зор.

1) Мәтін не туралы?
А. ата туралы
В. домбыра туралы
С. бала туралы
2) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().
o Әңгіме
o Ертегі
o Мақал-мәтел
3) Бұл мәтіннің қай түрі? Белгіле ()
o Әңгімелеу мәтіні;
o Сипаттау мәтіні;
o Пайымдау мәтіні.
Дескриптор:
 мәтіннің тақырыбын анықтайды;
 мәтіннің түрін анықтайды.
Бағалау:
Кез-келген оқушы жауабын оқиды, әр жауабын ауызша дәлел келтіріп түсіндіреді. Қалған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз бағалауын ашып айтады.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 38 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Дарын иесі №12 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Дарын иесі №12, сабақ жоспары Дарын иесі №12 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Дарын иесі №12, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дарын иесі №12 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)