» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Бала Абай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/
септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтіндегі айтылған ойды түсініп, сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтінді дұрыс оқу және жанрын ажырата білу.
3. Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: мәтінді оқиды, тыңдайды, мәтіннің мазмұнын түсінеді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: батаны мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын айтады, тиісті сөздерді ретімен қолданады.
Оқушылардың кейбірі: өлеңді орфоэпиялық нормаларды сақтай отырып мәнерлеп оқиды, сұхбаттасын түсініп, олардың жауаптарын толықтырып отырады.
Сабақ барысы: Мұғалім үй тапсырмасын «Шынжыр сұрақ» әдісі бойынша тексереді. Бұл әдіс толық, логикалық жауап алу үшін қолданылады. Бір оқушы үй тапсырмасын айта бастаса, екіншісі әрі қарай жалғастырады.
Ой қозғау. Оқушыларды интербелсенді тақтадағы ребус арқылы сабақ тақырыбын болжатуға жетелеу. Сұрақтар қою арқылы коммуникативтік қарым-қатынас орнату.
Мұғалім: «Мына ребусты шешсеңіздер қазақтың ұлы ақынының есімі шығады. Қандай сөз оқыдыңыздар?» – деп сұрайды.
Оқушылар «кітап» сөзінен алдыңғы үш әріп пен соңғы әріпті, «домбыра» сөзінен алдыңғы және соңғы үш әріпті сызып, «ай» сөзін қосады. Сол кезде «Абай» сөзі шығады. Оқушылар ребус арқылы жаңа сабақтың атауын табады.
Мұғалім: «Олай болса, бүгін біз ұлы ақын Абайдың балалық шағы туралы, бала Абай туралы айтатын боламыз», – деп тұжырымдайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Мәтін мазмұнын тыңдап, ақпарат алу.
Мәтінді негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беру.
Батаны мәнерлеп оқу.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет пен анықтамаларға сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы меңгерту.
Поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын адамды ақын деп атаймыз.
Өздеріңіз қандай ақындарды білесіңдер?
Мұқағали Мақатаев Аманжол Әлтаев
Өз істерімен аты тарихта қалған, асқан кемеңгер, озық ойлы адамдарды ұлы деп атаймыз.
Қандай ұлы адамдарды білесіңдер? Естеріңе түсіріп көріңдерші.
Абу Насыр әл-Фараби Абылай хан
Халқына тірек, қамқор болған, жан-жақты қалыптасқан адамдарды тұлға деп атаймыз.
Қазіргі уақытта осындай істер атқарған қандай адамдарды айта аласыңдар?
Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Шаханов
Дұрыс айт!
Жазылады: ұлы Айтылады: [ұлұ]
(Ө) Тыңдалым. Оқушылардың тыңдау қабілетін, қазақша сөйлеуді қабылдау дағдысын дамыту мақсатында мәтін бірнеше рет тыңдалады.
Тыңдалым мәтіні:
Абайдың ауылына атақты Дулат ақын келді. Абай әжесінен Дулат ақын туралы сұрады. Дулат ақын Абайға бата берді. Абайдың әжесі – Зере өте мейірімді адам, ол Дулат ақынды құрметтеді.
“Сұрақ-жауап” әдісі бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Ойлануға уақыт беріледі (көмек ретінде тақырыпты ашатын суреттер ұсынылады).
1. Абайдың ауылына кім келді?
2. Абай әжесінен кім туралы сұрады?
3. Қонақтың аты кім? Ол не істейді?
4. Қонақ кімге бата берді?
Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 33 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 6-сабақ Бала Абай 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 6-сабақ Бала Абай, сабақ жоспары 6-сабақ Бала Абай 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 6-сабақ Бала Абай, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)