» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Зергерлік өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Зергерлік өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Зергерлік  өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Зергерлік  өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) на казахском языке
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Зергерлік өнер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1. анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.4. Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1.жоспар сурет, сызба түрінде және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен нұсқауларды орындайды, тірек сөздер арқылы оқиға желісін әңгімелейді
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін мазмұнын тірек сөздер мен сурет арқылы оқиға желісін мазмұндайды
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін мазмұнын мазмұндап, қарапайым нұсқауларды орындай алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Өздеріңізге ұнаған фигураны таңданыздар.
Квадрат.
Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің бар.
Үшбұрыш .
Саған басқарушылық қасиет тән. Өзің көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің.
Зигзаг.
Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы кедергі жасайды.
Шеңбер.
Сенде адамгершілік қасиет жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, жәрдемдесу қабілетін қалыптасқан.
Ой шақыру
(Ұ) Кел, шешейік ребусты!
- Жарайсыздар, оқушылар!
- Жасырылған ребус арқылы тақырыпты болжайды.
Сабақтың тақырыбын болжау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндайды
• Пунктуациялық нормаларды сақтайды
Мағынаны тану
Тыңдалым алды тапсырмасы
Жаңа сөздерді меңгерту
Берілген анықтамаларды қажетті сөздерге орналастырыңыз.
Жаңа сөздер Анықтамасы
Күміс
Зергер
Алтын
А) Алтын мен күмістен сәндік бұйымдарды жасаушы ұста..
Ә) Аса құнды, бағалы, сары түсті жұмсақ металл..
Б) Сапа жағынан құнды ақ түсті қымбат металл
(Ұ) Тыңдалым тапсырмасы
Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, тірек сөздерді теріп жаз.
Зергерлік өнер қазақ халқының тарихында бар. Қазақ жері алтын, күміс және тағы басқа металдарға бай. Қазақ зергерлері жеке-дара жұмыс істейді. Өз өнерін ұрпаққа жеткізіп отырған. Зергерлердің жұмысы әшекей бұйымдарды жасау. Зергерлік бұйымдар алтынан және күмістен жасалған.
Дескриптор:
- Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады.
Кері байланыс. « » арқылы жүргізіледі.
• (Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
1- тапсырма: Мәтінге сәйкес келетін 2 тұжырымды белгіле.
№ Тұжырымдар + -
А Қазақ жерінде алтын, күміс және тағы басқа металдар бар. +
В Зергерлердің жұмысы сурет салу. -
С Зергер алтынан және күмістен бұйым жасайды.
2-тапсырма: Кестеде берілген сөздердің қай септікте тұрғанын анықта.
Мысал Септік жалғауы
Халқының
Алтыннан
Күмістен
Ұрпаққа
Зергерлердің
Бұйымдарды .....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 28 |


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Зергерлік өнер 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Зергерлік өнер, сабақ жоспары Зергерлік өнер 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Зергерлік өнер, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Зергерлік өнер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)