» » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ Ағам қобыз тартады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау.
3. Жай және құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады, тақырып бойынша жай сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды.
Сабақ барысы: Сабақ мақсатымен таныстыру:
- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну;
- оқыған мәтіннің мазмұнын айту;
- сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Қандай айырмашылық байқап тұрсыңдар?
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді (қобыз, күйші, үн)
суреттер, сөйлемдер мен сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
Қобыз Күйші
Қобыздың үні
Домбыра, қобыз тарту қандай өнерге жатады?
Домбыра, қобыз тартатын адамды қалай атайды?
(Ұ) Тыңдалым.
Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойылады:
Мұражайға бардың ба?
Мұражайда не көрдің?
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Әлібек пен Аня мұражайға барды. Мұражай кең және жарық. Олар екінші қабатқа көтерілді. Онда қобыз, сырнай, асатаяқты көрді. Әлиханға қобыз ұнады. Содан ол қобыз үйірмесіне қатысты.
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:
 Олар қайда барады?
 Мұражайда қандай аспаптар бар?
 Әлібекке қандай аспап ұнады?
“Өзіндік бағалау” әдісі: Оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?
Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер: қобыз, үн, мұражай.
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
 тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтуы;
 тірек сөздерді дұрыс қолдануы;
 сөйлем құрылымын сақтауы.
Кері байланыс....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 31 |


Загрузка...
Читайте также

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары 4-сабақ Ағам қобыз тартады 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, 4-сабақ Ағам қобыз тартады, сабақ жоспары 4-сабақ Ағам қобыз тартады 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары 4-сабақ Ағам қобыз тартады, Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)