Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (12-сабақ)
Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? (нәтиже сабақ)
Оқу мақсаттары:
2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем);
4.2 Көрген/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Кесте бойынша сөйлемдер құрастырып айту барысында көмекші сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттер бойынша шағын мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту – 4 минут
(ЖЖ) «Адасқан буындар» ойыны
Тарау бойынша өтілген жаңа сөздер буындарға бөлініп, әр буын шеңбер бойымен тұрған әр оқушыға таратылады. Оқушылар буындардан сөздер құрастыру барысында өзара жұптасады және құрастырылған сөзбен сөйлемдер құрастырып айтады (сәу+лет, құр+ылыс, ғима+рат, ес+кі, жа+ңа, қа+бырға, са+рай, те+мір).
Мұғалім қосымша сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
1-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырып жазу
«Ханшатыр» - Астанадағы ерекше (сарайлардың, ғимараттардың, үйлердің) бірі. «Ханшатырдың» күмбезі (пластмассадан, темірден, шыныдан, бетоннан)
жасалған. Ғимараттың (құрылысшысы, сәулетшісі, авторы) – өз ісінің шебері. «Ханшатырдың» (жанында, төбесінде, алдында) бассейн бар.
Оқушылар сөйлемдерді толықтырып жазады. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Кесте бойынша сұраққа жауап беру
Қайда не бар?
«Ханшатырдың» ішінде ескі үйлер
бар
жоқ
сыртында бассейн
төбесінде дүкендер
жанында гүлдер
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма (122-беттегі 1-тапсырма). Суреттер бойынша шағын мәтін құрастырып айту (тарау бойынша өтілген жаңа сөздерді қолдану)
Бағалау дескриптор арқылы жүргізіледі.
Дескриптор:
1. Бір суретті таңдап, сипаттап айтты.
2. Жаңа сөздерді қолданып, 4-5 сөйлем құрастырды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 378



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі