Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: Құмнан жасалған қалашық (ОМЖ бойынша 4-сабақ)
Оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, диалогке қатысады.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттерді қолданып, «Дисней қамалын» сипаттап айтады.
Сабақ барысы: «Кір жайғыш жіп» тәсілі арқылы үй тапсырмасын тексеру – 5 минут
Оқушылар үйде салған суреттерін «кір жайғыш жіпке» іледі. Ең үздік суреттерді таңдап, суреттеп айту тапсырылады.
Сұрақтарға жауап беру – 2 минут
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.
Бұл не? Ол қандай? Кірпіштен/ шыныдан / тастан / құмнан не жасалады?
Суреттер арқылы топтарға бірігу
Тақырыпты жариялау
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
1-тапсырма. Суреттер арқылы сөздердің мағынасын түсініп, олармен сөйлемдер құрастырып айту
құм тас
қамал мүсін
Жаңа сөздер: құм, тас, қамал, мүсін, орналас
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, кесте бойынша диалог құрастырыңдар.
Дисней қамалы
Бұл – құмнан жасалған қалашық. Қалашықта 14 композиция бар. Бірінші композиция – «Дисней қамалы». Қамалдың биіктігі – 7 метр. «Дисней қамалы» құмнан және тастан жасалған. Қамалдың жанында миньондардың, трансформерлердің, Кинг-Конгтың мүсіндері бар. Мүсіндер құмнан жасалған. «Дисней қамалы» Алматыда орналасқан.
(сілтеме:inform.kz https://www.inform.kz/ru/almatyda-kumnan-salyngan-disney-kamaly-payda-boldy-foto_a2896134)
Не? Қандай? Неден? Нелер? Қайда?
Бағалау «Тосын сұрақ» әдісі арқылы жүзеге асады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 957



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі