Мен және табиғат Й дыбысы және әрпі (1 сынып,4 бөлім )

 Мен және табиғат Й  дыбысы және әрпі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырып: Мен және табиғат. Й дыбысы және әрпі.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Мәтін мен сөйлемнің айырмашылығын табуға үйренеді, сөздерді тұтас оқу дағдысы қалыптасады, сөздерді көркем әрі сауатты жазуды үйренеді.
Көпшілігі:
Оқушылар буындап оқу немесе тұтас оқу, түсініп оқиды, Й дыбысы кездесетін сөздерді жазады.
Кейбір оқушылар:
Сөздерден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын үйренеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Мәтін неден құралады?
- Й дыбысы қандай дыбыс?
- Й дыбысы сөздің басында кездесетін сөздер айтыңдар?
- Й дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер айтыңдар?
- Й дыбысы сөздің соңында келе ме?.
Сабақ барысы: Ширату жаттығуы.
Жұмбақтар шешу.
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі кезіңе.
(Айна)
Бір тілім боп туады,
Күннен-күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады. (Ай)
Электронды оқулықты пайдалана отырып, И дыбысы мен әрпімен танысу.Тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма.
Йогурт сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- «Йогурт» сөзінде барлығы неше дыбыс бар?
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Неше дауысссыз дыбыс бар?
Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
Оқулықпен жұмыс.
«Й» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Й» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.
1-тапсырма.
Өлеңде берілген сұрақтардың жауабын дереккөздерден алуға мүмкіндік жасау. Өлеңдегі қай сұрақтарға жауап беретіндерін анықтау.
Жауап бере алмайтын сұрақтары бойынша дереккөздермен жұмыс ұйымдастыру.
«Кітаппен дос бол. Кез келген сұрағыңа жауапты кітаптан таба аласың» деген қорытынды пікірге талдау жасату.
2-тапсырма.
Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне және буынның қосылуына байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартылады:
Ата ай ой май сай
Атай сай қой шай сайман, т.б.
3-тапсырма.
Кестедегі сөздерден адамның аттарын құрастыру жұмысын ұйымдастыру.
Дыбыстарды ажыратқызып, буын санын анықтату. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату.
Оқушылар «Ай» сөзіне түрлі қосымшаларды жалғау арқылы адам есімдерін шығарады: Айдос, Айдар, Айжан, Айнұр, т.б.
Сөйлемде кездескен й әрпінің орнын анықтау.
Дәптермен жұмыс.
Оқушылардың Йй әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 954



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі