Ғылымның соңғы жетістіктері заманауи автокөлік (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

 Ғылымның соңғы жетістіктері заманауи автокөлік (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылымның соңғы жетістіктері: заманауи автокөлік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау
7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру
7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
Сабақтың мақсаты:Тыңдалым материалын мұқият тыңдай отырып, негізгі мазмұн мен өзекті ақпаратты ажыратады;
Өзінің пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап береді.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлу.
Бірнеше көліктің суретін қиындыларға бөліп, топтастыру.
Миға шабуыл сұрақтары
1. Неліктен біз топқа дәл осы суреттер арқылы бөліндік?
2. Өтіп жатқан тарауымызға қаншалықты қатысы болуы мүмкін?
3. Сабағымыздың тақырыбын болжап көріңіз
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Тыңдалымалды тапсырмасы
Топтар өздеріне қойылған сұрақтарға топпен талқылай отырып, жауап береді.
1-топ. Адамзат өмірінде автокөліктің пайда болуы қандай пайдасын әкелді?
2-топ. Осыдан жарты ғасыр бұрынғы автокөліктер мен қазіргі автокөліктердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
3-топ. Автокөліктердің пайда болу тарихынан не білесіз?
Тыңдалым тапсырмасы
1. Тыңдалым аяқталған соң материалдың негізгі ойы мен 3 өзекті ақпаратын анықтау
Өз жауабын өзге топтармен салыстыру
2. Тыңдалым материалы бойынша сұрақтарға жауап береді.
1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 1-топты дұрыс жауаптарға сүйене отырып бағалайды.
• Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз. Сол сөздерге сөздік жұмысын жүргізіңіз.
1) Техника .......................... дамып, ескіліктің ....................ұшқыны қалып келеді. (қарыштап, ұшқыны)
2) Бұл ............. көлік радиоактивті батареямен жабдықталған. (мәңгілік)
3) Соңғы кезде Еуропа мен АҚШ – та .................. жинақы машиналар сұранысқа ие. (жинақы)
4) Электронды ................... тұратын көлікте ........... телефондағы қосымшаның бәрі де бар.(басқарудан, ұялы)
5) Ең қызығы жүргізуші шаршаған кезде, көлік ..................... жерге өзі жете алады. (діттеген)
• Сұрақтарға мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып жауап беріңіз.
1) 100 жылға дейін жанармай құймауға болатын автокөліктің авторы кім және қай елдікі? (Американдық дизайнер Лорен Кулесус)
2) Бұл автокөліктің қандай артықшылығы бар? (қаражат үнемдеу, естелік ретінде мұраға қалдыруға мүмкіндік бар)
3) Қытайлық өнертапқыштармен бірлесе жасалған General-Motors құрастырған көлік? ( болашақ көлігі EN-V)
4) Көліктің өлшемдері туралы не айта аласыз? (ені 1,2м, ұзындығы 1,8м)
5) BMW Vision next 100-дің ұзындығы қанша? (4,9м)
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Өзіңізді бейнематериалдағы көлік сынды болашақтың көлігін жасаушымын деп елестетіңіз. Сіздің көлігіңіз несімен ерекшеленер еді? Ойларыңызды постерге түсіріңіз. Өзге топтадың пікірін тыңдай отырып, тағы да не қосуға болатындығы туралы ойланыңыз.
Бағалау критерийлері Дескриптор:
Тыңдалым материалының негізгі мазмұнын түсінеді;
Ақпараттың өзектілігін анықтай алады;
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді;
Өз пікірін өзге пікірімен салыстыра алады;
Негізгі мазмұнды түсінеді;
3 өзекті ақпаратты анықтай алады;
Жорға сұрақтарының кем дегенде сегізіне дұрыс жауап береді;
Өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра алады;
Қалыптастырушы бағалау:
Мұғалім жарайсың, өте жақсы, керемет сөздерімен бағалайды;
Топта жасаған жұмыстарына пікір білдіру және тақтада көрсетілген жауаптар тптар арасында арқылы өзара бағалау жүреді;
Дифференциация.
А деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын жақсы түсінеді; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді, тілдік бірліктерді баяндау барысында орынды қолданады, тақырыпқа қатысты негізгі мәселені анықтап, мақсат қоя алады, шешу жолдарын нақты көрсетеді.
В деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді, баяндау барысында тілідк бірліктерді орынды қолданады.
С деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады, тілдік бірліктерді тек санамалап бере алады, баяндау барысында қолдануда қиналады. ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 080



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі